Активтері бойынша күдікке ілінгендер қаржысын елге инвестициялауға ниет білдірді - Тоқаев

Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен көпфункционалды спорт кешені салынды
Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен көпфункционалды спорт кешені салынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2026
Жазылу
Олармен жалпы сомасы бес триллион теңгеден асатын келісімдер жасалды
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті "Turkistan" газетіне берген сұхбатында заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жайында айтты.
Мемлекет басшысы өз сөзінде бас прокуратураның мәліметтеріне тоқталып, олигополия өкілдерінен 1,3 триллион теңгеден астам қаржы өндіріп аалынғанын айтты.
Соның 1 триллион теңгеден астамы мемлекет қазынасына түсті. Арнайы мемлекеттік қордағы қаражат есебінен елімізде жалпы құны 482 миллиард теңге болатын 434 әлеуметтік және коммуналдық нысан салынып жатыр.

"Жұмыс жалғаса береді. Активтерді сараптап, оның заңдылығын анықтау құзырлы органдардың күнделікті қызметінің бір бағытына айналды. Ең бастысы, барлық жұмыс ашық әрі әділ болуға тиіс. Енді бұл шаруаны бір орталықтан үйлестіріп жүргізудің қажеті жоқ. Жұмыс бір қалыпқа түсті. Сондықтан, алға қадам басып, инвесторлардың құқығын қорғауға баса мән беретін кез келді", - деп түсіндірді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Активтері күмән тудырып, күдікке ілінген адамдардың көбі қаржысын елге инвестиция ретінде салуға ниет білдірді.
"Олармен жалпы сомасы бес триллион теңгеден асатын келісімдер жасалды. Бұл қаражаттың есебінен инвестициялық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде туристік, көлік-логистикалық орталықтар, тау-кен, металлургия, энергетика секторларына қатысты жобалар бар", - деді президент.
Ол заңсыз активтерді елге қайтару арқылы әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру – конъюктура не болмаса жұртқа жағу үшін жасалған саяси науқан емес, бұл – мемлекеттің мызғымас ұстанымы екенін мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Turkistan газетіне сұхбат берді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2026
"Жұртты дүрліктірудің ешқандай жөні жоқ": Тоқаев салық реформасы туралы
Жаңалықтар
0