https://sputnik.kz/20260119/intimdik-suretterindi-taratamyn-zhanaozende-qyzdan-aqsha-bopsalagandar-ustaldy-60526546.html
"Интимдік суреттеріңді таратамын": Жаңаөзенде қыздан ақша бопсалағандар ұсталды
"Интимдік суреттеріңді таратамын": Жаңаөзенде қыздан ақша бопсалағандар ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында полиция ақша бопсалады деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Бұл туралы Lada.kz хабарлады. 19.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-19T18:05+0500
2026-01-19T18:05+0500
2026-01-19T18:05+0500
бопсалау
ақша бопсалау
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында полиция ақша бопсалады деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Бұл туралы Lada.kz хабарлады.Тергеу мәліметінше олардың бірі 24 жастағы қызды интимдік фотосуреттерін жариялаймын деп қорқытып, 1 миллион теңге талап еткен.2000 жылы туған жәбірленуші полицияға арыз түсірген. Оның айтуынша, 1997 жылы туған ер адам интимдік фотосуреттерді әлеуметтік желіде және туыстары арасында таратамын деп қорқытып, одан 1 миллион теңге талап еткен.Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті алдымен 200 мың теңге аударуды, ал қалған 800 мың теңгені 2026 жылғы 20 қаңтарға дейін төлеуді WhatsApp арқылы талап еткен. Ақшаны көрсетілген есепшотқа аударуды сұраған.Жедел іс-шаралар нәтижесінде 17 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында екі ер адам ұсталды.Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 1-бөлігі (Бопсалау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.Бопсалаушыларға 4000 АЕК-ке дейін (17 300 000 теңге) айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 1000 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 4 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.
https://sputnik.kz/20251218/kush-qoldanamyn-oralda-4-mln-tengeden-astam-qarazhat-bopsalagan-kudikti-ustaldy-59703278.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бопсалау, ақша бопсалау
"Интимдік суреттеріңді таратамын": Жаңаөзенде қыздан ақша бопсалағандар ұсталды
АСТАНА, 19 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында полиция ақша бопсалады деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Бұл туралы
Lada.kz хабарлады.
Тергеу мәліметінше олардың бірі 24 жастағы қызды интимдік фотосуреттерін жариялаймын деп қорқытып, 1 миллион теңге талап еткен.
2000 жылы туған жәбірленуші полицияға арыз түсірген. Оның айтуынша, 1997 жылы туған ер адам интимдік фотосуреттерді әлеуметтік желіде және туыстары арасында таратамын деп қорқытып, одан 1 миллион теңге талап еткен.
Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті алдымен 200 мың теңге аударуды, ал қалған 800 мың теңгені 2026 жылғы 20 қаңтарға дейін төлеуді WhatsApp арқылы талап еткен. Ақшаны көрсетілген есепшотқа аударуды сұраған.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде 17 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында екі ер адам ұсталды.
"Тінту барысында күдіктілердің бірінен көк түсті iPhone 14 Pro Max, екіншісінен қара түсті iPhone 11 ұялы телефоны тәркіленді. Аталған құрылғылар заттай дәлел ретінде іске тіркелді", - деп жазды портал.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 1-бөлігі (Бопсалау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бопсалаушыларға 4000 АЕК-ке дейін (17 300 000 теңге) айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 1000 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 4 жылға дейін бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.