https://sputnik.kz/20251218/kush-qoldanamyn-oralda-4-mln-tengeden-astam-qarazhat-bopsalagan-kudikti-ustaldy-59703278.html
"Күш қолданамын": Оралда 4 млн теңгеден астам қаражат бопсалаған күдікті ұсталды
"Күш қолданамын": Оралда 4 млн теңгеден астам қаражат бопсалаған күдікті ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ол жәбірленушіні микрокредиттер рәсімдеуге мәжбүрлеп, алынған қаражатты өз пайдасына жаратқан 18.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-18T18:53+0500
2025-12-18T18:53+0500
2025-12-18T18:56+0500
орал
полиция
бопсалау
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_0:163:3065:1887_1920x0_80_0_0_2743cd4624635c850046076be1e91418.jpg
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Орал қаласында 4 млн теңгеден астам қаражат бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.Жуырда Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласында өңірдің 21 жастағы тұрғынын ұстады.Ол жәбірленушіні микрокредиттер рәсімдеуге мәжбүрлеп, алынған қаражатты өз пайдасына жаратқан. Келтірілген жалпы материалдық шығын 4 миллион теңгеден асты."Анықталғандай, 11 желтоқсанда күдікті басқа бір қылмыстық іс бойынша 6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталғанына қарамастан, сол күні тағы бір қылмыстық істің фигурантына айналған", - дейді полициядағылар.Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
https://sputnik.kz/20251114/qaragandy-turgyny-kasipkerden-350-mln-tenge-bopsalagan---58775721.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_166:0:2897:2048_1920x0_80_0_0_fa3e44147d42acd286ef39503d6b2ce1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, полиция, бопсалау
"Күш қолданамын": Оралда 4 млн теңгеден астам қаражат бопсалаған күдікті ұсталды
18:53 18.12.2025 (жаңартылды: 18:56 18.12.2025) Ол жәбірленушіні микрокредиттер рәсімдеуге мәжбүрлеп, алынған қаражатты өз пайдасына жаратқан
АСТАНА, 18 желтоқсан – Sputnik. Орал қаласында 4 млн теңгеден астам қаражат бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жуырда Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласында өңірдің 21 жастағы тұрғынын ұстады.
"Ол ақша қаражатын жүйелі түрде бопсалады деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің бірнеше ай бойы күш қолданамын деп қорқытып, облыстың 24 жастағы тұрғынынан ірі көлемде ақша бопсалағаны анықталды", - дейді полициядағылар.
Ол жәбірленушіні микрокредиттер рәсімдеуге мәжбүрлеп, алынған қаражатты өз пайдасына жаратқан. Келтірілген жалпы материалдық шығын 4 миллион теңгеден асты.
"Анықталғандай, 11 желтоқсанда күдікті басқа бір қылмыстық іс бойынша 6 жылға бас бостандығын шектеу жазасына сотталғанына қарамастан, сол күні тағы бір қылмыстық істің фигурантына айналған", - дейді полициядағылар.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.