Қарағанды тұрғыны кәсіпкерден 350 млн теңге бопсалаған

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚарағанды тұрғыны кәсіпкерден 350 млн теңге бопсалаған
Қарағанды тұрғыны кәсіпкерден 350 млн теңге бопсалаған   - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.11.2025
Жазылу
Күдікті кәсіпкердің мүлкін зақымдап, отбасы мүшелерін қорқытқан
АЛМАТЫ, 14 қараша - Sputnik. Қарағандыда кәсіпкерді қорқытып, 700 мың доллар талап еткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қарағандыда 47 жастағы кәсіпкер белгісіз адамдардан қысым көргенін айтып шағымданған.
Оның айтуынша, бопсалаушылар оны және отбасы мүшелерін қорқытып, мүлкін зақымдап, 700 мың АҚШ долларын талап еткен.
"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді ведомство.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүріп жатыр.
Наручники, зал суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.11.2025
Атыраулық блогер кәсіпкерден 30 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінді
Жаңалықтар
0