Былтыр Ақтөбеде 26 жылы аялдама салынған

© Sputnik / Ольга Головко / Медиабанкке өтуАстанадағы жылы аялдама
Астанадағы жылы аялдама - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2026
Жазылу
Ол аялдамалар сәулет бөлімі бекіткен эскизге сай салынған
АСТАНА, 18 қаңтар – Sputnik. 2025 жылы Ақтөбеде 26 жылы аялдаманың құрылысы аяқталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Өткен жылы Ақтөбе қаласында жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 26 жылы аялдаманың құрылысы аяқталды. Бұл нысандар қоғамдық көлік күту кезінде тұрғындардың жайлылығын арттыруға бағытталған.
"Жылы аялдамаларда жолаушылар үшін таза, жарық әрі жылы орта қалыптастыру көзделген. Павильондарда таңғы сағат 7-ден бастап есіктердің ашық болуы, ішкі тазалық пен жылудың сақталуы негізгі талаптардың бірі болып саналады", - деп жазылған хабарламада.
Қала әкімдігінің мәліметінше аталған шарттар аялдамаларда кәсібін жүргізуге рұқсат етілетін кәсіпкерлермен жасалатын келісімшартта нақты көрсетіледі. Жылы аялдамалар – қоғамдық орын болғандықтан, мұнда тәртіп пен тазалықтың сақталуы аса маңызды.
Айта кетейік, аялдамалар сәулет бөлімі бекіткен эскизге сай салынған. Электр желісіне қосу үшін қажетті жер жұмыстарының кеш басталуына байланысты кейбір нысандар жыл соңына дейін толық пайдалануға берілмеген. Қазіргі таңда электр қуатын тарту жұмыстары жалғасуда. Қаңтар айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Архивное фото девушки на автобусной остановке в столице - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2025
Астанада аялдама павильонын зақымдаған екі тұрғын қамауға алынды
Жаңалықтар
0