https://sputnik.kz/20251122/astanada-ayaldama-pavilonyn-zaqymdagan-eki-turgyn-qamauga-alyndy-58990709.html
Астанада аялдама павильонын зақымдаған екі тұрғын қамауға алынды
Астанада аялдама павильонын зақымдаған екі тұрғын қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Елордада аялдама павильонына зақым келтірген екі тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz. 22.11.2025, Sputnik Қазақстан
2025-11-22T09:00+0500
2025-11-22T09:00+0500
2025-11-22T09:00+0500
аялдама
https://sputnik.kz/img/old/212/24/2122426_0:342:3648:2394_1920x0_80_0_0_d9e20717137ea6488c12c79774672dc8.jpg
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Елордада аялдама павильонына зақым келтірген екі тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы нысандарға зақым келтірудің екі фактісін анықтады. Бірінші жағдайда 40 жастағы ер адам мас күйінде аялдама павильонын бүлдірген. Ол аялдаманың есігін бірнеше рет ұрған, соның салдарынан есік сынған. Соттың қаулысына сәйкес, құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Екінші жағдайда 19 жастағы жігіт те мас күйінде жанжал барысында жеке нысанның сыртқы қабырғасына аяқпен соққы жасап, жылы аялдаманың жанындағы жарнамалық құрылымды және қабырғаның бір бөлігін бүлдірген. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша ол 10 тәулікке қамауға алынды. Аталған фактілер бойынша келтірілген материалдық залалдың сомасы есептеліп, кейін оны өтеу туралы талаптар қойылатын болады. Жыл басынан бері осындай құқық бұзушылықтар үшін шамамен 3 мың адам жауапкершілікке тартылды.Бұдан бөлек, өзгенің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша 200-ден астам дерек тіркелді.
https://sputnik.kz/20231222/qyzylorda-qalasynda-erekshe-ayaldama-ashyldy--video-41111730.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/212/24/2122426_0:0:3648:2736_1920x0_80_0_0_cefc7c7d74c41c459602b67981941feb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аялдама
Астанада аялдама павильонын зақымдаған екі тұрғын қамауға алынды
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Елордада аялдама павильонына зақым келтірген екі тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы нысандарға зақым келтірудің екі фактісін анықтады. Бірінші жағдайда 40 жастағы ер адам мас күйінде аялдама павильонын бүлдірген. Ол аялдаманың есігін бірнеше рет ұрған, соның салдарынан есік сынған. Соттың қаулысына сәйкес, құқық бұзушы 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Екінші жағдайда 19 жастағы жігіт те мас күйінде жанжал барысында жеке нысанның сыртқы қабырғасына аяқпен соққы жасап, жылы аялдаманың жанындағы жарнамалық құрылымды және қабырғаның бір бөлігін бүлдірген. Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша ол 10 тәулікке қамауға алынды.
Аталған фактілер бойынша келтірілген материалдық залалдың сомасы есептеліп, кейін оны өтеу туралы талаптар қойылатын болады. Жыл басынан бері осындай құқық бұзушылықтар үшін шамамен 3 мың адам жауапкершілікке тартылды.
Бұдан бөлек, өзгенің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша 200-ден астам дерек тіркелді.