https://sputnik.kz/20260116/shymkentte-17-zhastagy-qyzdy-alyp-qashyp-zorlagan--60449729.html
Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашып зорлаған
Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашып зорлаған
Sputnik Қазақстан
Жәбірленушінің айтуынша, сол күні жігіттің туыстары үйінде тойлаған 16.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-16T14:10+0500
2026-01-16T14:10+0500
2026-01-16T14:10+0500
шымкент
қыз алып қашу
полиция
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_eb58dabc4da71f63501679a75acecbd0.jpg
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Шымкент қаласында студент қыздың арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Әлеуметтік желіде жәбірленушінің видеосы тарап кетті. 17 жастағы студент көпбалалы отбасыдан шыққан. Белгісіз біреулер оны көшеден алып қашқан. Үйдің адамдары телефонды да алып қойды. Сосын өз еркімен келгені туралы қолхат жазуды талап еткен. Студент қыз амалын тауып, ол үйден қашып кеткен. Оның айтуынша, арада біраз уақыт өтсе де, ешкімді тергеп жатқан жоқ. Шымкент қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалған."Қатысушылардың барлығы полиция басқармасына жеткізілді. Істің мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары қолға алынды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады", - делінген ресми хабарламада.
https://sputnik.kz/20250205/qyz-alyp-qashqany-ushin-qanday-zhaza-engiziledi-50571896.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/947/42/9474211_279:0:1000:541_1920x0_80_0_0_9eae630ab3940dd5205e50ab42c83bb7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, қыз алып қашу, полиция
шымкент, қыз алып қашу, полиция
Шымкентте 17 жастағы қызды алып қашып зорлаған
Жәбірленушінің айтуынша, сол күні жігіттің туыстары үйінде тойлаған
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Шымкент қаласында студент қыздың арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде жәбірленушінің видеосы тарап кетті. 17 жастағы студент көпбалалы отбасыдан шыққан. Белгісіз біреулер оны көшеден алып қашқан.
"Мен бұрын-соңды көрмеген ер азамат алып қашты. Мен үш-төрт адам машинаға тығып, Сарыағаш ауданындағы үйіне алып келген. Ол жақта туысқандары, жеңешелер орамалып алып, жүгіріп жүрді. Алып қашуды жоспарлағандарын сол кезде түсіндім. 17 жаста екенімді қайта-қайта айтсам да, мені үйге күштеп кіргізді", - дейді ол.
Үйдің адамдары телефонды да алып қойды. Сосын өз еркімен келгені туралы қолхат жазуды талап еткен.
"Қолхат жазбайтынымды түсінгеннен кейін мені жыныстық қатынасқа мәжбүрледі. Қазақшылығымыз осындай, дәстүріміз осындай деп, бұл үйден қыз болып шықпауың керек деді. Ал жыныстық қатынасқа күштегеннен кейін ол кісілер төсек жаймасын алып, келесі бөлмеде отырған жеңгелерінен сүйінші сұрап, өздерінше тойлап кетті. Зорлық-зомбылықтан кейін менің қандай халде болғаныма ешкім қараған да жоқ", - деп атап көрсетті жәбірленуші.
Студент қыз амалын тауып, ол үйден қашып кеткен. Оның айтуынша, арада біраз уақыт өтсе де, ешкімді тергеп жатқан жоқ.
Шымкент қалалық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалған.
"Қатысушылардың барлығы полиция басқармасына жеткізілді. Істің мән-жайын анықтау мақсатында қажетті тергеу шаралары қолға алынды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады", - делінген ресми хабарламада.