https://sputnik.kz/20250205/qyz-alyp-qashqany-ushin-qanday-zhaza-engiziledi-50571896.html
Қыз алып қашқандар үшін қандай жаза енгізіледі
Қыз алып қашқандар үшін қандай жаза енгізіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қыз алып қашқаны үшін 3-5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын енгізу көзделіп отырғанын айтты... 05.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-05T18:00+0500
2025-02-05T18:00+0500
2025-02-05T18:02+0500
қыз алып қашу
https://sputnik.kz/img/244/33/2443365_38:0:1000:541_1920x0_80_0_0_a400e8957f4419e15d58a790597580d0.jpg
АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қыз алып қашқаны үшін 3-5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын енгізу көзделіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша Қылмыстық, Қылмыстық атқару және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерді оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобының қарауына қыз алып қашқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынысы енгізілген.Депутаттың айтуынша, мұндай қылмыс үшін 3-5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын енгізу ұсынылып отыр."Егер кәмелет жасқа толмаған адамға қатысты адамдар тобымен жасалған әрекет, сосын қандай да бір зиян келсе, үш жылдан бес жылға дейін түрмеге қамау жазасын қолдану ұсынылып отыр. Егер адамды күштеп үйде ұстап отырса, психологиялық және физикалық қысым жасаса, заң жәбірленушінің жағында болуы керек", - деп атап өтті Әбенов.Айта кетері, бұған дейін мәжілісмен Қылмыстық кодекске қыз алып қашуға қатысты бөлек бап енгізуді ұсынды. Осы орайда депутат президенттің берген тапсырмасын да еске салды. Тоқаев көктемде өткен ұлттық құрылтайда мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерге біржола тосқауыл қойылуға тиіс екенін айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/244/33/2443365_264:0:985:541_1920x0_80_0_0_b2e46999dc45396183104164e11c9ebc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қыз алып қашу
Қыз алып қашқандар үшін қандай жаза енгізіледі
18:00 05.02.2025 (жаңартылды: 18:02 05.02.2025) АСТАНА, 5 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қыз алып қашқаны үшін 3-5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын енгізу көзделіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша Қылмыстық, Қылмыстық атқару және Қылмыстық-процессуалдық кодекстерді оңтайландыру жөніндегі жұмыс тобының қарауына қыз алып қашқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынысы енгізілген.
"Жазаның бірнеше түрі қарастырылып жатыр. Соның ішінде қылмыстық жаза – бас бостандығынан айыру, айыппұл салу мен қоғамдық жұмыстар бар", - деді Әбенов журналистерге берген сұхбатында.
Депутаттың айтуынша, мұндай қылмыс үшін 3-5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын енгізу ұсынылып отыр.
"Егер кәмелет жасқа толмаған адамға қатысты адамдар тобымен жасалған әрекет, сосын қандай да бір зиян келсе, үш жылдан бес жылға дейін түрмеге қамау жазасын қолдану ұсынылып отыр. Егер адамды күштеп үйде ұстап отырса, психологиялық және физикалық қысым жасаса, заң жәбірленушінің жағында болуы керек", - деп атап өтті Әбенов.
Айта кетері, бұған дейін мәжілісмен Қылмыстық кодекске қыз алып қашуға қатысты
бөлек бап енгізуді ұсынды. Осы орайда депутат президенттің берген тапсырмасын да еске салды. Тоқаев көктемде өткен ұлттық құрылтайда мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерге біржола тосқауыл қойылуға тиіс екенін айтты.