https://sputnik.kz/20241204/deputat-qylmystyq-kodekske-qyz-alyp-qashuga-qatysty-bolek-bap-engizudi-usyndy-49033258.html
Депутат Қылмыстық кодекске қыз алып қашуға қатысты бөлек бап енгізуді ұсынды
Депутат Қылмыстық кодекске қыз алып қашуға қатысты бөлек бап енгізуді ұсынды
Sputnik Қазақстан
Мұрат Әбенов президенттің құрылтайда берген тапсырмасы орындалмай жатқанын айтты 04.12.2024, Sputnik Қазақстан
2024-12-04T16:35+0500
2024-12-04T16:35+0500
2024-12-04T16:35+0500
қыз алып қашу
https://sputnik.kz/img/1425/80/14258012_0:128:3183:1918_1920x0_80_0_0_164c2379d8764767861d8599a8ce74a1.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Қылмыстық кодекске қыз алып қашуға қатысты бөлек бап енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Заңды құрметтеу мәселесі көтерілген отырыста депутат қыз алып қашу мәселесіне тоқталды.Осы орайда депутат президенттің берген тапсырмасын да еске салды. Тоқаев көктемде өткен ұлттық құрылтайда мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерге біржола тосқауыл қойылуға тиіс екенін айтқан."Президент наурыз айында тапсырма берді, әлі ештеңе жасалған жоқ. Меніңше, біз заңға қатаң шектеу қоюымыз қажет. Қыз алып қашу жылдан-жылға көбейіп барады. Былтыр 13 оқиға бойынша сотқа арыз түскен. Биыл 8 айдың ішінде тек Түркістан облысында 18 рет қыз алып қашқан. Себебі оған қарсы шаралар жоқ", - деп атап өтті Әбенов.Депутат Қылмыстық кодекске қыз алып қашу бойынша бөлек бап енгізу қажет деп санайды. Себебі адам ұрлау бабы сәйкес келмейді."Ол баптың ішінде адамды үш-төрт күннің ішінде босатып жіберсе, жауапкершілікке тартылмайды деген қосымша бар. Сонда қалай? Ол қыз көнбейді, оны көндіреді, қағаз жаздыртады, ұялтады, басқа қылады, мәжбүрлейді, үш-төрт күн ұстайды, әбден абыройы төгіледі, сосын жібере салады. Оған ешқандай қылмыстық іс қозғалмайды", - дейді Әбенов.
https://sputnik.kz/20240628/aqtauda-qyz-alyp-qashqandardyn-basy-balege-qaldy--politsiya-tusinikteme-berdi-45293903.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1425/80/14258012_226:0:2955:2047_1920x0_80_0_0_cfb413f729c68739686054f988d0da74.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қыз алып қашу
Депутат Қылмыстық кодекске қыз алып қашуға қатысты бөлек бап енгізуді ұсынды
Мұрат Әбенов президенттің құрылтайда берген тапсырмасы орындалмай жатқанын айтты
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Қылмыстық кодекске қыз алып қашуға қатысты бөлек бап енгізуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Заңды құрметтеу мәселесі көтерілген отырыста депутат қыз алып қашу мәселесіне тоқталды.
"Өткен аптада Астанада университет студенттерімен кездестім. Қыз балалар маған ролик көрсетті. Бір қызды алып қашқан. Видеода қасында отырған кісі өз еркіммен келдім деп жаз дейді. Тик-Токқа шықты. Бұл – құқық бұзушылық, нағыз заң бұзушылық. Бірақ оған қарсы ешқандай әрекет жасамаймыз", - деді Әбенов.
Осы орайда депутат президенттің берген тапсырмасын да еске салды. Тоқаев көктемде өткен ұлттық құрылтайда мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерге біржола тосқауыл қойылуға тиіс екенін
айтқан."Президент наурыз айында тапсырма берді, әлі ештеңе жасалған жоқ. Меніңше, біз заңға қатаң шектеу қоюымыз қажет. Қыз алып қашу жылдан-жылға көбейіп барады. Былтыр 13 оқиға бойынша сотқа арыз түскен. Биыл 8 айдың ішінде тек Түркістан облысында 18 рет қыз алып қашқан. Себебі оған қарсы шаралар жоқ", - деп атап өтті Әбенов.
Депутат Қылмыстық кодекске қыз алып қашу бойынша бөлек бап енгізу қажет деп санайды. Себебі адам ұрлау бабы сәйкес келмейді.
"Ол баптың ішінде адамды үш-төрт күннің ішінде босатып жіберсе, жауапкершілікке тартылмайды деген қосымша бар. Сонда қалай? Ол қыз көнбейді, оны көндіреді, қағаз жаздыртады, ұялтады, басқа қылады, мәжбүрлейді, үш-төрт күн ұстайды, әбден абыройы төгіледі, сосын жібере салады. Оған ешқандай қылмыстық іс қозғалмайды", - дейді Әбенов.