Қоғам

Тоқаев қыз алып қашу туралы: мүлдем ақтауға болмайтын қараңғылық

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаҰлттық құрылтайдың үшінші отырысы
Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Жазылу
Президент өркениетті қоғамда әр азаматтың құқығы мен бостандығы баға жетпес құндылық болуға тиіс екенін атап өтті
АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыз алып қашу дәстүрін сынады, деп хабарлайды Ақорда.
Оның айтуынша, елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар.
"Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс", - деп мәлімдеді президент Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында.
Мемлекет басшысының айтуынша, "дәстүрдің озығы бар, тозығы бар".
"Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз. Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керек", - деді Тоқаев.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2024
Қоғам
Қазақ тілі бизнестің, ғылым мен техниканың тіліне айнала бастады – президент
Жаңалықтар
0