Демалыс күндері ауа райы қандай болады

© Sputnik / Санат ИмангалиевМороз в Астане
Мороз в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2026
Жазылу
17-18 қаңтар күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде аязды ауа райын сақталады
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. "Қазгидромет" демалыс күндеріне жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сібір аумағынан келген антициклон 17-18 қаңтар күндері Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде аязды ауа райын сақтап тұрады.
"Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа райына оңтүстік циклон әсер етеді. Бұл өңірлерде негізінен қар түрінде жауын-шашын түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел күшейіп, көктайғақ болады", - дейді синоптиктер.
Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының жекелеген аудандарында қалың қар түседі.
Ал жаңа аптаның басында республиканың солтүстігіне, солтүстік-батысына және орталығына кезекті солтүстік-батыс циклон ығысып, қар мен бұрқасын әкеледі, сондай-ақ аталған өңірлерде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Республика бойынша тұман түседі.
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2026
Қаңтар жылы болады – синоптиктер
Жаңалықтар
0