https://sputnik.kz/20260101/qantar-zhyly-bolady--sinoptikter-60084606.html
Қаңтар жылы болады – синоптиктер
Қаңтар жылы болады – синоптиктер
Sputnik Қазақстан
"Қазгидромет" 2026 жылдың алғашқы айына жасалған ауа райы болжамын жариялады 01.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-01T13:36+0500
2026-01-01T13:36+0500
2026-01-01T13:34+0500
қаңтар
қыс
ауа райы болжамы
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59865917_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_f3b427a9b8d1524239965a863c7172db.jpg
АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. "Қазгидромет" 2026 жылдың қаңтар айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.Жалпы алғанда, қаңтар айы жылы болады деп болжанып отыр: республика аумағында ауаның орташа айлық температурасы климаттық нормадан 1–2 °C жоғары болады.Елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуықтайды. Қар жауып, жел күшеюі мүмкін. Боран, тұман мен көктайғақ кезеңі ашық әрі аязды күндермен алмасып отырады.Ал Қазақстанның солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерінде ауа температурасы:"Шығыс өңірлерде түнгі температура −2…−13 °C-тан −10…−18 °C-қа дейін, күндіз −6…+2 °C-тан −2…−10 °C-қа дейін болады. Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі температура −2…−12 °C-тан −5…+5 °C-қа дейін өзгерсе, күндіз −3…+8 °C-тан +5…+10 °C-қа дейін көтеріледі, ал елдің қиыр оңтүстігінде +15 °C-қа дейін жетуі мүмкін", — деп мәлімдеді "Қазгидромет".Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде суық толқындардың әсерінен солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы:Қаңтардың ең жылы күндерінде ауа температурасы −5…+3 °C-қа дейін көтеріледі.Оңтүстікте күндіз ауа температурасы +2…+12 °C-тан −3…−13 °C-қа дейін, ал түнде 0…−5 °C-тан −10…−20 °C-қа дейін құбылады. Үшінші онкүндіктің кей күндерінде түнде −20…−30 °C-қа, күндіз −10…−18 °C-қа дейін суытуы мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0c/17/59865917_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_7696a481e1d190810930959d17dcf155.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар, қыс, ауа райы болжамы
қаңтар, қыс, ауа райы болжамы
Қаңтар жылы болады – синоптиктер
"Қазгидромет" 2026 жылдың алғашқы айына жасалған ауа райы болжамын жариялады
АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. "Қазгидромет" 2026 жылдың қаңтар айында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Жалпы алғанда, қаңтар айы жылы болады деп болжанып отыр: республика аумағында ауаның орташа айлық температурасы климаттық нормадан 1–2 °C жоғары болады.
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуықтайды. Қар жауып, жел күшеюі мүмкін. Боран, тұман мен көктайғақ кезеңі ашық әрі аязды күндермен алмасып отырады.
"Елдің батыс өңірлерінде бірінші онкүндіктің басында түнде ауа температурасы −10…−18 °C-қа дейін төмендеп, күндіз −5…−12 °C болады", — деп хабарлады синоптиктер.
Ал Қазақстанның солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерінде ауа температурасы:
түнде −10…−20 °C-тан −3…−8 °C-қа дейін,
күндіз −2…−12 °C-тан −5…+3 °C-қа дейін құбылады.
"Шығыс өңірлерде түнгі температура −2…−13 °C-тан −10…−18 °C-қа дейін, күндіз −6…+2 °C-тан −2…−10 °C-қа дейін болады. Оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі температура −2…−12 °C-тан −5…+5 °C-қа дейін өзгерсе, күндіз −3…+8 °C-тан +5…+10 °C-қа дейін көтеріледі, ал елдің қиыр оңтүстігінде +15 °C-қа дейін жетуі мүмкін", — деп мәлімдеді "Қазгидромет".
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде суық толқындардың әсерінен солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы:
түнде −25…−35 °C-қа дейін,
күндіз −15…−20 °C-қа дейін төмендеуі мүмкін.
Қаңтардың ең жылы күндерінде ауа температурасы −5…+3 °C-қа дейін көтеріледі.
"Батыс өңірлерде суық толқындар кезінде түнгі температура −20…−27 °C-қа дейін, күндіз −12…−19 °C-қа дейін төмендейді. Айдың кейбір күндерінде күндізгі температура 0…+5 °C-қа дейін көтеріліп, жылымық болуы мүмкін", — деп жазылған хабарламада.
Оңтүстікте күндіз ауа температурасы +2…+12 °C-тан −3…−13 °C-қа дейін, ал түнде 0…−5 °C-тан −10…−20 °C-қа дейін құбылады. Үшінші онкүндіктің кей күндерінде түнде −20…−30 °C-қа, күндіз −10…−18 °C-қа дейін суытуы мүмкін.