Сенатор адам денсаулығына қауіпті өнімдердің жарнамасын тоқтатуды талап етті

© Sputnik / Дмитрий Макеев / Медиабанкке өтуСенатор адам денсаулығына қауіпті өнімдердің жарнамасын тоқтатуды талап етті
Сенатор адам денсаулығына қауіпті өнімдердің жарнамасын тоқтатуды талап етті   - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2026
Жазылу
Сенатор желіде гармоналдық және салмақ төмендететін өнімдер мен имунитетті күшейтетін қоспалардың жарнамасы көбейіп кеткенін айтты
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Сенатор Геннадий Шиповских әлеуметтік желіде адам денсаулығына қауіпті өнімдердің жарнамасын тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Соңғы жылдары әлеуметтік желіде таралатын жарнаманың саны ғана емес, агрессивті сипаты да шектен шығып барады. Сенатордың айтуынша, әсіресе, блогерлер, инфлюенсерлер, өнер мен спорт саласындағы танымал тұлғалар арқылы таралатын жарнама халықтың қалтасын қағып, денсаулығын нашарлатты. Бүгінде барынан айырылған азаматтардың саны да айтарлықтай артқан.
"Бұл жерде ерекше алаңдататын жәйт, жарнамадан пайда көріп отырған тараптар бар да, ал барлық тәуекел мен зардап қарапайым халықтың мойнына артылып отыр. Жарнама таратушы да, оны миллиондаған аудиторияға таратқан блогер де табыс табады, ал алданған, денсаулығынан немесе қаржысынан айырылған азамат жалғыз қалады", - дейді Шиповских.
Осы орайда сенатор желіде урологиялық өнімдер, жыныстық функцияға және ерлердің денсаулығына арналған құралдар, гармоналдық және салмақ төмендететін өнімдер мен имунитетті күшейтетін қоспалардың жарнамасы көбейіп кеткенін ерекше атап өтті. Соның барлығын медициналық білімі жоқ адамдар жарнамалайды.
"Бұл өнімдер кейде "табиғи", "қауіпсіз", "дәрігерсіз-ақ шешім" деген ұранмен ұсынылады. Алайда оның салдары және адамның денсаулығына қандай қауіп төндіретіні ескерілмейді. Ертең біреу сондай жарнамаға сеніп, денсаулығына зиян келтірсе, соның жауапкершілігін кім көтереді? Миллион қаралым жинаған авторы ма? Әлде тағы қарапайым халық өз мәселесімен өзі қалуы тиіс пе?", - деп атап көрсетті Шиповских.
Сенатор үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, халық денсаулығына қауіпті өнімдердің жарнамасына тыйым салуды ұсынды. Айтуынша, медициналық білімі жоқ адамдарға ондай жарнама жасауға шектеу қою қажет.
"Мұндай жарнаманың салдарынан азаматтардың денсаулығына зиян келген жағдайда өнімді жарнамалаған тұлғаның жауапкершілігін де қарастыру керек", - дейді Шиповских.
Түрмедегі қоршау - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2025
Ұтысқа 10 көлік тіккен ерлі-зайыпты блогерлер бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Жаңалықтар
0