https://sputnik.kz/20260115/egov-kolik-nomirin-tandau-kezinde-tuyndaytyn-maseleni-tusindirdi-60421743.html
eGov көлік нөмірін таңдау кезінде туындайтын мәселені түсіндірді
eGov көлік нөмірін таңдау кезінде туындайтын мәселені түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Өтінімді онлайн рәсімдеу кезінде төлемнен кейін таңдалған нөмір басқа пайдаланушыларға әлі де қолжетімді болып тұрады 15.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-15T16:56+0500
2026-01-15T16:56+0500
2026-01-15T16:56+0500
мемлекеттік нөмірлер
азаматтарға арналған үкімет
жүргізуші
https://sputnik.kz/img/old/570/90/5709070_0:56:1109:680_1920x0_80_0_0_2b114ab089ead1a22ca1d7add4c1097c.jpg
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Электронды үкімет өтініштен кейін адам атына бекітілмеген көлік нөмірлерінің мәселесін шешу жолын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мемлекеттік тіркеу нөміріне тапсырыс беру қызметі 8 қаңтарда пилоттық режимде іске қосылған болатын. Алғашқы екі күнде 113 мыңнан астам өтініш берілсе, 15 қаңтарға қарай өтініштердің жалпы саны 226 мыңнан асты.Бірақ жекелеген жағдайларда өтінімді онлайн рәсімдеу кезінде төлемнен кейін таңдалған нөмір басқа пайдаланушыларға әлі де қолжетімді болып тұрады.Айта кетері, мемлекеттік нөмірді таңдау үшін 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде баж төлеу керек. Ал "әдемі" нөмірге 15 АЕК (65 мың теңге) төлеуге тура келеді. Бірақ жоғары сұраныстағы мемлекеттік нөмірлерге басқа баж қолданылады.Мысалы, ең қымбаттары: барлығы бірдей әріптермен жазылған 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Олардың құны 285 АЕК – шамамен 1 230 000 теңге тұрады.
https://sputnik.kz/20260106/kolik-nomirin-tandauga-myndagan-adam-kelgen---ministrlik-60179260.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/570/90/5709070_65:0:1045:735_1920x0_80_0_0_9d99e7f3f2c56c398468faf16ff793a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік нөмірлер, азаматтарға арналған үкімет, жүргізуші
мемлекеттік нөмірлер, азаматтарға арналған үкімет, жүргізуші
eGov көлік нөмірін таңдау кезінде туындайтын мәселені түсіндірді
Өтінімді онлайн рәсімдеу кезінде төлемнен кейін таңдалған нөмір басқа пайдаланушыларға әлі де қолжетімді болып тұрады
АСТАНА, 15 қаңтар – Sputnik. Электронды үкімет өтініштен кейін адам атына бекітілмеген көлік нөмірлерінің мәселесін шешу жолын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мемлекеттік тіркеу нөміріне тапсырыс беру қызметі 8 қаңтарда пилоттық режимде іске қосылған болатын. Алғашқы екі күнде 113 мыңнан астам өтініш берілсе, 15 қаңтарға қарай өтініштердің жалпы саны 226 мыңнан асты.
Бірақ жекелеген жағдайларда өтінімді онлайн рәсімдеу кезінде төлемнен кейін таңдалған нөмір басқа пайдаланушыларға әлі де қолжетімді болып тұрады.
"Мұндай жағдайда "Бұрын төленген" опциясын таңдап, банк пен төлем күнін көрсетіп, өтінішті қайта тапсыру қажет. Процедура аяқталған соң нөмір пайдаланушыға бекітіліп, басқа өтініш берушілерге қолжетімсіз болады", - дейді eGov мамандары.
Айта кетері, мемлекеттік нөмірді таңдау үшін 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде баж төлеу керек. Ал "әдемі" нөмірге 15 АЕК (65 мың теңге) төлеуге тура келеді. Бірақ жоғары сұраныстағы мемлекеттік нөмірлерге басқа баж қолданылады.
Мысалы, ең қымбаттары: барлығы бірдей әріптермен жазылған 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Олардың құны 285 АЕК – шамамен 1 230 000 теңге тұрады.