https://sputnik.kz/20260106/kolik-nomirin-tandauga-myndagan-adam-kelgen---ministrlik-60179260.html
Көлік нөмірін таңдауға мыңдаған адам келген - министрлік
Көлік нөмірін таңдауға мыңдаған адам келген - министрлік
Sputnik Қазақстан
Жыл сайын мейрам күндерінен кейін мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында адам саны көбейеді 06.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-06T12:13+0500
2026-01-06T12:13+0500
2026-01-06T12:13+0500
мемлекеттік нөмірлер
жасанды интеллект
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44684863_0:86:1616:995_1920x0_80_0_0_09f022432ccba719d7d69845dace7925.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бір күнде көліктің мемлекеттік нөмірін өз еркімен таңдауға келген қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.5 қаңтардан бастап қазақстандықтар көліктің мемлекеттік нөмірін өз қалауымен таңдай алады. Осыған байланысты кеше мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаңа қызметке сұраныс күрт өсті, ұзынсонар кезектер де көп болды.Бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, жыл сайын мейрам күндерінен кейін мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында адам саны көбейеді.Оның сөзіне қарағанда, осы аптада әдемі нөмірді таңдау қызметі онлайн форматта - eGov мобильді қосымшасында қолжетімді болады.
https://sputnik.kz/20251120/kolikterge-zhalgan-memlekettik-nomir-taqqan-avtosalon-qyzmetkeri-ustaldy-58890119.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/1f/44684863_88:0:1528:1080_1920x0_80_0_0_42b8c36d4e2b32543eae5d89baedb24a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік нөмірлер, жасанды интеллект, министрлік
мемлекеттік нөмірлер, жасанды интеллект, министрлік
Көлік нөмірін таңдауға мыңдаған адам келген - министрлік
Жыл сайын мейрам күндерінен кейін мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында адам саны көбейеді
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бір күнде көліктің мемлекеттік нөмірін өз еркімен таңдауға келген қазақстандықтардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
5 қаңтардан бастап қазақстандықтар көліктің мемлекеттік нөмірін өз қалауымен таңдай алады. Осыған байланысты кеше мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында жаңа қызметке сұраныс күрт өсті, ұзынсонар кезектер де көп болды.
Бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкиннің айтуынша, жыл сайын мейрам күндерінен кейін мамандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында адам саны көбейеді.
"Иә, осы жолы әдемі нөмірлерді таңдау қызметі де іске қосылды. Ол да әсер еткен шығар. Кеше ғана республика бойынша әдемі нөмірлерді алуға шамамен 11 мың өтініш берілді. Біз өз кезегімізде осы қызмет бойынша операторлардың санын көбейттік", - деді Коняшкин үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның сөзіне қарағанда, осы аптада әдемі нөмірді таңдау қызметі онлайн форматта - eGov мобильді қосымшасында қолжетімді болады.