Астанада жыл басынан бері 7 мыңнан астам адам өзін-өзі жұмыспен қамтушы статусын алған

© Sputnik / Санат ИмангалиевАстанада жыл басынан бері 7 мыңнан астам адам өзін-өзі жұмыспен қамтушы статусын алған
Астанада жыл басынан бері 7 мыңнан астам адам өзін-өзі жұмыспен қамтушы статусын алған - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2026
Жазылу
Бұл режим жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, салық есебін бермей заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді
АСТАНА, 15 қаңтар-Sputnik. Астанада 2026 жылдың басынан бері 7 мыңнан астам адам өз қызметін ресми түрде тіркеп, өзін-өзі жұмыспен қамтушы статусын алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнайы салық режимі азаматтарды көлеңкелі экономикадан шығарудың тиімді шарасы болып саналады.
Бұл режим жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, кассалық аппаратсыз және салық есебін бермей заңды түрде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Бұл режимді мына санаттағы азаматтар пайдалана алады:
жалдамалы қызметкерлерді қолданбайтындар;
рұқсат етілген қызмет түрлері тізіміне кіретін іспен айналысатындар (такси, жеке тұрғын үйді жалға беру және т.б. Қазақстан Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысы бойынша);
ай сайынғы табысы 300 АЕК-тен (1 297 500 теңге) аспайтындар;
тек әлеуметтік төлемдерді төлейтіндер: табысының 4%-ы, ал зейнеткерлер мен студенттерден әлеуметтік төлем алынбайды.
Барлық есеп айырысу электрондық форматта "e-Salyq Business" мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі.
2025 жылы отандық бизнес он мыңдаған жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етті - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.12.2025
Әрбір бесінші қазақстандық кәсіпкерлікте: отандық бизнес он мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашты
Жаңалықтар
0