https://sputnik.kz/20251215/2025-zhyly-otandyq-biznes-on-myndagan-zhana-zhumys-ornyn-ashty-59608894.html
Әрбір бесінші қазақстандық кәсіпкерлікте: отандық бизнес он мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашты
Әрбір бесінші қазақстандық кәсіпкерлікте: отандық бизнес он мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашты
Sputnik Қазақстан
Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік субъектілерінің 99,9% - ы шағын және орта компаниялар 15.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-15T10:07+0500
2025-12-15T10:07+0500
2025-12-15T10:11+0500
бизнес
кәсіпкер
https://sputnik.kz/img/346/09/3460981_0:211:2889:1836_1920x0_80_0_0_06ed6693db569f49b3d5725e029febce.jpg
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Үкімет еліміздің әрбір бесінші азаматы бизнес саласында жұмыс істейтінін хабарлады. Елде шағын және орта бизнестің экономикаға қосқан үлесінің тұрақты өсуі байқалады. 2025 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құнының үлесі 7,9% -ды құраған.Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік субъектілерінің 99,9% - ы шағын және орта компаниялар. Олар 4,4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, бұл бір жыл бұрынғыдан 3,9% - ға көп. Яғни, бір жыл ішінде секторда ондаған мың жаңа жұмыс орындары пайда болды.Шағын және орта кәсіпкерліктің үлесіне елдің барлық экономикалық белсенді халқының жартысына жуығы — 45,5% келеді. Жалпы, Қазақстанның ЖІӨ-дегі шағын орта бизнес үлесі 2025 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша 39,8%-ға дейін өскен.
https://sputnik.kz/20251028/biyl-biznes-ideyalardy-iske-asyruga-qansha-qazaqstandyq-grant-aldy-58261256.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/346/09/3460981_78:0:2809:2048_1920x0_80_0_0_59bb0d30bdd08fa766b64652cf858503.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бизнес, кәсіпкер
Әрбір бесінші қазақстандық кәсіпкерлікте: отандық бизнес он мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашты
10:07 15.12.2025 (жаңартылды: 10:11 15.12.2025) Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік субъектілерінің 99,9% - ы шағын және орта компаниялар
АСТАНА, 15 желтоқсан - Sputnik. Үкімет еліміздің әрбір бесінші азаматы бизнес саласында жұмыс істейтінін хабарлады.
Елде шағын және орта бизнестің экономикаға қосқан үлесінің тұрақты өсуі байқалады. 2025 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша ЖІӨ-дегі орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құнының үлесі 7,9% -ды құраған.
"Бұл дегеніміз, орта бизнес секторы нығайды. 2022-2024 жылдар бойы орта бизнестің жалпы қосылған құн 6,7–6,9% деңгейінде тұрақтылықты сақтайды, ал кәсіпорындар саны 3 мыңнан асады, бұл орта буынның жетілуі мен тұрақтылығын көрсетеді", - деп хабарлады Үкімет.
Бүгінгі таңда барлық кәсіпкерлік субъектілерінің 99,9% - ы шағын және орта компаниялар. Олар 4,4 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етеді, бұл бір жыл бұрынғыдан 3,9% - ға көп. Яғни, бір жыл ішінде секторда ондаған мың жаңа жұмыс орындары пайда болды.
Шағын және орта кәсіпкерліктің үлесіне елдің барлық экономикалық белсенді халқының жартысына жуығы — 45,5% келеді. Жалпы, Қазақстанның ЖІӨ-дегі шағын орта бизнес үлесі 2025 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша 39,8%-ға дейін өскен.