https://sputnik.kz/20260114/qazaqstan-qaruly-qaqtygysqa-qatysushy-emes---qr-sim-tankerlerge-shabuyl-zhayynda-60389476.html
Қазақстан қарулы қақтығысқа қатысушы емес - ҚР СІМ танкерлерге шабуыл жайында
Қазақстан қарулы қақтығысқа қатысушы емес - ҚР СІМ танкерлерге шабуыл жайында
Sputnik Қазақстан
Министрлік серіктестерді алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында бірлескен шаралар әзірлеу үшін тығыз өзара іс-қимыл жасауға шақырды 14.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-14T16:36+0500
2026-01-14T16:36+0500
2026-01-14T16:43+0500
мұнай
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0e/58758436_0:133:2560:1573_1920x0_80_0_0_b4a8e326700126595669b760bcb46ee7.jpg
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Қара теңіздегі мұнай танкерлермен байланысты оқиғалар жөніндегі мәлімдеме жасады.Ол министрлік Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының теңіз терминалына бет алған үш танкерге ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуылдарға байланысты айтарлықтай алаңдаушылық білдіретінін жеткізді.Осы орайда бірқатар еуропалық мемлекеттердің елшілерімен өткізілген шұғыл кездесулер, сондай-ақ америкалық тараппен және өзге де шетелдік серіктестермен болған байланыстар барысында халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтай отырып, көмірсутегін тасымалдаудың, оның ішінде теңіз жолдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдаудың маңыздылығына ерекше мән берілген.СІМ өкілі осыған байланысты аталған танкерлердің барлық қажетті рұқсаттары болғанын және талап етілетін сәйкестендіру жабдықтарымен қамтамасыз етілгенін айтты."Соңғы уақытта мұндай оқиғалардың жиілеуі халықаралық энергетикалық инфрақұрылымның қалыпты жұмыс істеуіне төнетін тәуекелдердің артып келе жатқанын айғақтайтынын атап өтеміз және серіктестерімізді алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында бірлескен шаралар әзірлеу үшін тығыз өзара іс-қимыл жасауға шақырамыз", - деді Ерлан Жетібаев.Еске салайық, 2026 жылдың 13 қаңтарында Қара теңіз акваториясында, Каспий құбыр консорциуымының теңіз терминалы маңында Қазақстанның экспорттық мұнайын тасымалдауға қатысқан екі кеме ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылына ұшыраған. Мұны Қазақстанның энергетика министрлігі ресми түрде растады.
https://sputnik.kz/20260113/ekipazh-musheleri-zardap-shekken-zhoq-energetika-ministrligi-tankerlerge-shabuyldy-rastady-60368867.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0e/58758436_143:0:2418:1706_1920x0_80_0_0_b376f142970164409876f2c81ad822c0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, қазақстан, ресей
Қазақстан қарулы қақтығысқа қатысушы емес - ҚР СІМ танкерлерге шабуыл жайында
16:36 14.01.2026 (жаңартылды: 16:43 14.01.2026) Министрлік серіктестерді алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында бірлескен шаралар әзірлеу үшін тығыз өзара іс-қимыл жасауға шақырды
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев Қара теңіздегі мұнай танкерлермен байланысты оқиғалар жөніндегі мәлімдеме жасады.
Ол министрлік Қара теңіз акваториясында Каспий құбыры консорциумының теңіз терминалына бет алған үш танкерге ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған шабуылдарға байланысты айтарлықтай алаңдаушылық білдіретінін жеткізді.
Осы орайда бірқатар еуропалық мемлекеттердің елшілерімен өткізілген шұғыл кездесулер, сондай-ақ америкалық тараппен және өзге де шетелдік серіктестермен болған байланыстар барысында халықаралық құқық нормаларын қатаң сақтай отырып, көмірсутегін тасымалдаудың, оның ішінде теңіз жолдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдаудың маңыздылығына ерекше мән берілген.
"Қазақстан Республикасының қандай да бір қарулы қақтығысқа қатысушы болып табылмайтынын, жаһандық және еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосып келе жатқанын әрі энергия ресурстарын жеткізудің үздіксіздігін халықаралық талаптарға толық сәйкес қамтамасыз етіп отырғанын ерекше айтамыз", - деп жазылған мәлімдемеде.
СІМ өкілі осыған байланысты аталған танкерлердің барлық қажетті рұқсаттары болғанын және талап етілетін сәйкестендіру жабдықтарымен қамтамасыз етілгенін айтты.
"Соңғы уақытта мұндай оқиғалардың жиілеуі халықаралық энергетикалық инфрақұрылымның қалыпты жұмыс істеуіне төнетін тәуекелдердің артып келе жатқанын айғақтайтынын атап өтеміз және серіктестерімізді алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында бірлескен шаралар әзірлеу үшін тығыз өзара іс-қимыл жасауға шақырамыз", - деді Ерлан Жетібаев.
Еске салайық, 2026 жылдың 13 қаңтарында Қара теңіз акваториясында, Каспий құбыр консорциуымының теңіз терминалы маңында Қазақстанның экспорттық мұнайын тасымалдауға қатысқан екі кеме ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылына ұшыраған. Мұны Қазақстанның энергетика министрлігі ресми түрде растады.