https://sputnik.kz/20260113/ekipazh-musheleri-zardap-shekken-zhoq-energetika-ministrligi-tankerlerge-shabuyldy-rastady-60368867.html
"Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ": энергетика министрлігі танкерлерге шабуылды растады
"Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ": энергетика министрлігі танкерлерге шабуылды растады
Sputnik Қазақстан
Ведомство осы мәселелерге қатысты ресми мәлімдеме жариялады 13.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-13T22:20+0500
2026-01-13T22:20+0500
2026-01-14T16:42+0500
мұнай
қазақстан
ресей
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0e/58758391_0:133:2560:1573_1920x0_80_0_0_1497f350da3bbba9b6a1ae448305568a.jpg
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Энергетика министрлігі Қара теңізде танкерлерге жасалған шабуылды растады. Бұл туралы ведомствоның ресми хабарламасында айтылған.Ресми мәліметке сәйкес, Мальта туымен жүрген "Matilda" танкері "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының қосалқы ұйымы арқылы жалға алынған және ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылына ұшырағаны расталды.Кемеде жарылыс тіркелгенімен, өрт шықпаған."Экипаж арасында зардап шеккендер жоқ. Техникалық қызметтердің алдын ала бағалауына сәйкес, танкер теңізде жүзуге қабілетті, кеменің корпусында аса қауіпті зақымданулар анықталмаған", - дейді министрлікте.Екінші кеме - Либерия туымен жүрген "Delta Harmony" танкері де жүктеу жұмыстарына дайындық кезеңінде ұшқышсыз ұшу аппараты шабуылына ұшырағаны расталды.Энергетика министрлігі логистикалық тізбектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорттық жеткізілімдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында "ҚазМұнайГаз" ұлттық операторымен, консорциум әкімшілігімен және кемелер иелерімен іс-қимылдарды жедел түрде үйлестіріп отыр.
https://sputnik.kz/20260113/qazmunaygaz-kqk-ga-tielgenge-deyin-tankerge-shabuyl-zhasalganyn-rastady-60365961.html
қазақстан
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0e/58758391_143:0:2418:1706_1920x0_80_0_0_f303dea0bac5312448fb33efce2ba6e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, қазақстан, ресей
"Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ": энергетика министрлігі танкерлерге шабуылды растады
22:20 13.01.2026 (жаңартылды: 16:42 14.01.2026) Ведомство осы мәселелерге қатысты ресми мәлімдеме жариялады
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Энергетика министрлігі Қара теңізде танкерлерге жасалған шабуылды растады. Бұл туралы ведомствоның ресми хабарламасында айтылған.
"Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі 2026 жылдың 13 қаңтарында Қара теңіз акваториясында, Каспий құбыр консорциуымының теңіз терминалы маңында Қазақстанның экспорттық мұнайын тасымалдауға қатысқан екі кемеде тіркелген келеңсіз оқиғалар туралы ақпаратты ресми түрде растайды", - деп жазылған хабарламада.
Ресми мәліметке сәйкес, Мальта туымен жүрген "Matilda" танкері "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының қосалқы ұйымы арқылы жалға алынған және ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылына ұшырағаны расталды.
Кемеде жарылыс тіркелгенімен, өрт шықпаған.
"Экипаж арасында зардап шеккендер жоқ. Техникалық қызметтердің алдын ала бағалауына сәйкес, танкер теңізде жүзуге қабілетті, кеменің корпусында аса қауіпті зақымданулар анықталмаған", - дейді министрлікте.
Екінші кеме - Либерия туымен жүрген "Delta Harmony" танкері де жүктеу жұмыстарына дайындық кезеңінде ұшқышсыз ұшу аппараты шабуылына ұшырағаны расталды.
"Салдарынан өрт шығып, жедел сөндірілген. Экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ. Оперативтік штаб деректеріне сәйкес, оқиға кезінде кемеге мұнай тиеу жұмыстары жүргізілмеген, жүк цистерналары бос болғандықтан, Қазақстан Республикасының экспорттық ресурстарына зиян келтірілмеген", - деп жазылған хабарламада.
Энергетика министрлігі логистикалық тізбектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорттық жеткізілімдердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында "ҚазМұнайГаз" ұлттық операторымен, консорциум әкімшілігімен және кемелер иелерімен іс-қимылдарды жедел түрде үйлестіріп отыр.