https://sputnik.kz/20260114/bektenov-energetikalyq-zhobalardy-zhuzege-asyru-merzimin-keyinge-ysyrudy-synga-aldy-60388955.html
Бектенов энергетикалық жобаларды жүзеге асыру мерзімін кейінге ысыруды сынға алды
Бектенов энергетикалық жобаларды жүзеге асыру мерзімін кейінге ысыруды сынға алды
Sputnik Қазақстан
Барлық жоспарланған жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы тиіс, деді үкімет басшысы 14.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-14T16:08+0500
2026-01-14T16:08+0500
2026-01-14T16:08+0500
үкімет
министрлік
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/04/58433523_0:77:1280:797_1920x0_80_0_0_9d1dbedf99345463d20d19eba21eb3d5.jpg
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай Қазақстан энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығады.Бұл жөнінде премьер-министр Олжас Бектенов электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері бойынша өткізген жиында айтылды.Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов алдағы үш жылда негізінен реттеу қуатының тапшылығын жабуға және Бірыңғай энергетикалық жүйенің икемділігін арттыруға бағытталған маневрлі генерация сегментін іске қосу жоспарланып отырғанын баяндады.Премьер-министр энергетикалық жобаларды жүзеге асыру кезінде мерзімдерін кейінге ысыру практикасын сынға алды."Барлықтарыңыз барынша күш жұмылдыруларыңыз керек. Барлық жоспарланған жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы тиіс. Ешқандай үзілістер, ығысулар болмауы керек. Министр, "Самұрық-Энерго" және KEGOC басшылары, сіздер әрбір нысан үшін тікелей жауаптысыздар. Сіздердің жұмыс орындарыңыз – кабинеттерде емес, құрылыс алаңдарында", — деді Олжас Бектенов.
https://sputnik.kz/20260113/bektenov-eki-oblystagy-su-zhobalaryn-ayaqtaudyn-naqty-merzimin-belgiledi-60356930.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/04/58433523_34:0:1171:853_1920x0_80_0_0_37db923198c819918a87f1e94e61a4f7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, министрлік, қазақстан
үкімет, министрлік, қазақстан
Бектенов энергетикалық жобаларды жүзеге асыру мерзімін кейінге ысыруды сынға алды
Барлық жоспарланған жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы тиіс, деді үкімет басшысы
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай Қазақстан энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығады.
Бұл жөнінде премьер-министр Олжас Бектенов электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері бойынша өткізген жиында айтылды.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов алдағы үш жылда негізінен реттеу қуатының тапшылығын жабуға және Бірыңғай энергетикалық жүйенің икемділігін арттыруға бағытталған маневрлі генерация сегментін іске қосу жоспарланып отырғанын баяндады.
"Қазіргі жұмыс жүргізіліп жатқан нысандарды іске қосу 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен жабуға және Қазақстанды энергиядан тапшылық көріп отырған елдер қатарынан шығаруға мүмкіндік береді. 2029 жылға қарай электр энергиясының да, реттеу қуатының да тұрақты профицитіне қол жеткізілмек, бұл еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға жағдай туғызады", — деді Ақкенженов.
Премьер-министр энергетикалық жобаларды жүзеге асыру кезінде мерзімдерін кейінге ысыру практикасын сынға алды.
"Барлықтарыңыз барынша күш жұмылдыруларыңыз керек. Барлық жоспарланған жобалар белгіленген мерзімде жүзеге асырылуы тиіс. Ешқандай үзілістер, ығысулар болмауы керек. Министр, "Самұрық-Энерго" және KEGOC басшылары, сіздер әрбір нысан үшін тікелей жауаптысыздар. Сіздердің жұмыс орындарыңыз – кабинеттерде емес, құрылыс алаңдарында", — деді Олжас Бектенов.