https://sputnik.kz/20260113/bektenov-eki-oblystagy-su-zhobalaryn-ayaqtaudyn-naqty-merzimin-belgiledi-60356930.html
Бектенов екі облыстағы су жобаларын аяқтаудың нақты мерзімін белгіледі
Бектенов екі облыстағы су жобаларын аяқтаудың нақты мерзімін белгіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында маңызды жобаларды аяқтаудың мерзімін белгіледі, деп... 13.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-13T12:15+0500
2026-01-13T12:15+0500
2026-01-13T12:15+0500
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0c/55585671_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_6bf76b20b342e8c65f6788dc8cca5a50.jpg
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында маңызды жобаларды аяқтаудың мерзімін белгіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкіметтің бүгінгі отырысында су мәселесі қаралып, премьер нақты бірнеше тапсырма берді. Олар:30 шілдеге дейін Түркістан облысындағы Шардара топтық су құбырын пайдалануға беру;15 қарашаға дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов және Соколов топтық су құбырларын жаңғырту жұмыстарын аяқтау.Ал Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының әкімдіктері суды көп қажет ететін дақылдар бойынша егіс алқаптарының құрылымын суды пайдалану лимиттеріне сай етіп бекітуге міндетті.Айта кетері, үкімет президенттің 2025 жылдың соңына дейін халықты толығымен ауыз сумен қамтамасыз ету тапсырмасы орындалды деп отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/0c/55585671_320:0:1280:720_1920x0_80_0_0_d936b99934f141f6b38af3214f56f84b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олжас бектенов
Бектенов екі облыстағы су жобаларын аяқтаудың нақты мерзімін белгіледі
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында маңызды жобаларды аяқтаудың мерзімін белгіледі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында су мәселесі қаралып, премьер нақты бірнеше тапсырма берді. Олар:
30 шілдеге дейін Түркістан облысындағы Шардара топтық су құбырын пайдалануға беру;
15 қарашаға дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов және Соколов топтық су құбырларын жаңғырту жұмыстарын аяқтау.
Ал Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының әкімдіктері суды көп қажет ететін дақылдар бойынша егіс алқаптарының құрылымын суды пайдалану лимиттеріне сай етіп бекітуге міндетті.
"Қаржы министрлігі республикалық бюджет шеңберінде көзделген сумен жабдықтау жобаларын уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін. Кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту үшін несие тарту мәселесінде әкімдіктерге әдіснамалық көмек көрсетілуге тиіс", -деді Бектенов.
Айта кетері, үкімет президенттің 2025 жылдың соңына дейін халықты толығымен ауыз сумен қамтамасыз ету
тапсырмасы орындалды деп отыр.