https://sputnik.kz/20260114/baspana-kezegi-birinshi-turgan-adam-ne-sebepti-pater-almaydy-60393383.html
Баспана кезегі: бірінші тұрған адам не себепті пәтер алмайды
Баспана кезегі: бірінші тұрған адам не себепті пәтер алмайды
Sputnik Қазақстан
Бұл процесс толығымен автоматтандырылған 14.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-14T21:29+0500
2026-01-14T21:29+0500
2026-01-14T21:29+0500
баспана
әкімдік
қарағанды
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/04/48281793_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_035364778b4ad26a16926c419c946d4b.jpg
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Әкімдіктер баспана кезегімен пәтер ұсыну тәртібін түсіндіруге кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгін Қарағанды облысының әкімдігі баспана кезегіне қатысты маңызды бірнеше сұрақтың жауабын жариялады. Соның ішінде бірінші болып тұрған адамға пәтер бермеу мәселесі де бар.Бұл процесс толығымен автоматтандырылған. Оған адамның араласуы мүмкін емес. Сосын тағы бір маңызды мәселені ескеру керек."Егер басқа лайықты үміткерлер болмаса, жалғыз тұратын кезек күтушілерге алаңы үлкен пәтер берілуі де мүмкін", - дейді мамандар.Жүйе алаңы үлкен пәтерді басқа үміткерлерге берсе де, бірінші болып тұрған адамның кезегі сақталады. Қажетті пәтер шыққанда соған беріледі.Айта кетері, бүгінде әкімдіктер баспана кезегіне қажетті пәтерлерді нарықтан төмен бағамен сатып алады. Одан кейін бұл пәтерлерді жалдауға, я болмаса, Отбасы банкі арқылы жеңіл ипотекамен сатып алуға болады.
https://sputnik.kz/20251223/salyq-kodeksi-baspana-bagasyna-aser-ete-me---zhumangarin-zhauap-berdi--59849418.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/0b/04/48281793_0:0:1211:908_1920x0_80_0_0_a07e2dc344563914236d34af8c9c72b7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
баспана, әкімдік, қарағанды
баспана, әкімдік, қарағанды
Баспана кезегі: бірінші тұрған адам не себепті пәтер алмайды
Бұл процесс толығымен автоматтандырылған
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Әкімдіктер баспана кезегімен пәтер ұсыну тәртібін түсіндіруге кірісті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бүгін Қарағанды облысының әкімдігі баспана кезегіне қатысты маңызды бірнеше сұрақтың жауабын жариялады. Соның ішінде бірінші болып тұрған адамға пәтер бермеу мәселесі де бар.
"Пәтер бөлу кезінде адамның кезекке тұрған күні, санаты, отбасы құрамы мен пәтер алаңының сәйкестігі тексеріледі. Егер пәтердің алаңы отбасы құрамына сәйкес келмесе, жүйе келесі үміткерді қарастырады. Ал заңмен белгіленген норма бойынша бір адамға – 15-18 шаршы метр", - делінген
ресми хабарламада.
Бұл процесс толығымен автоматтандырылған. Оған адамның араласуы мүмкін емес. Сосын тағы бір маңызды мәселені ескеру керек.
"Егер басқа лайықты үміткерлер болмаса, жалғыз тұратын кезек күтушілерге алаңы үлкен пәтер берілуі де мүмкін", - дейді мамандар.
Жүйе алаңы үлкен пәтерді басқа үміткерлерге берсе де, бірінші болып тұрған адамның кезегі сақталады. Қажетті пәтер шыққанда соған беріледі.
Айта кетері, бүгінде әкімдіктер баспана кезегіне қажетті пәтерлерді нарықтан төмен бағамен сатып алады. Одан кейін бұл пәтерлерді жалдауға, я болмаса, Отбасы банкі арқылы жеңіл ипотекамен сатып алуға болады.