Салық кодексі баспана бағасына әсер ете ме - Жұманғарин жауап берді

© Sputnik / Владислав ВодневСалық кодексі баспана бағасына әсер ете ме - Жұманғарин жауап берді
Салық кодексі баспана бағасына әсер ете ме - Жұманғарин жауап берді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2025
Жазылу
АСТАНА, 23 желтоқсан – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жаңа Салық кодексінің баспана бағасына қалай әсер ететінін айтты , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Келесі жылы баспана бағасы қымбаттайды деген болжам бар. Себебі жаңа Салық кодексінің талаптары күшіне енеді.
Вице-премьердің айтуынша, барлығы құрылыс нысаны салынатын уақытқа байланысты болады.
"Салық кодексі 2025 жылы 31 желтоқсанға дейін басталатын нысандарға тарамайды. Ал кез келген құрылыс нысаны 1,5-2 жыл салынады. Демек, 2026 жылы ондай нысандарға салық салынбайды", - деді Жұманғарин үкіметте өткен брифингте.
Осы орайда вице-премьер баспана бағасының көтерілгенін де жеткізді. Биыл жаңадан салынған үйлер де, бұрын салынғандар да айтарлықтай қымбаттады.
"Бұның барлығы - нарықтық қатынастар. Сұраныс пен ұсыныс бар. Бәлкім, теңгенің әлсірегені де әсер еткен шығар", - деп атап көрсетті Жұманғарин.
Оның сөзіне қарағанда, халық арасында келесі жылы баспана бағасы өседі деген алаңдаушылық болуы мүмкін. Алыпсатарлар да қарап отырған жоқ. Соның барлығы сұранысты арттырады.
Астанадағы баспана - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2025
Қазақстанда баспана бағасы қалай өзгерді
Жаңалықтар
0