Егін суын жеткізушілерге 17,8 млн теңге айыппұл салынды

© Фото: пресс-служба правительства КазахстанаАграрии Туркестанской области высказались о поливном сезоне-2024
Аграрии Туркестанской области высказались о поливном сезоне-2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2026
Жазылу
Олар тұтынушылардың құқығын бұзған
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі 21 табиғи монополия субъектісіне жалпы сомасы 17,8 млн теңге айыппұл салынғанын хабарлады.
Қазіргі таңда осы соманың 14,8 млн теңгесі өндіріп алынды. Қалған айыппұлдар бойынша материалдар мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сот орындаушыларына жолданды.
"Сонымен қатар 11 субъектіге қатысты заңнама талаптарына сәйкес тарифтерді бекітуге өтінімдерді ұсынуға міндеттеу туралы 12 талап арыз берілді. Оның ішінде 6 іс бойынша сот министрліктің пайдасына шешім шығарды, қалған 6 талап-арыз қаралып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік табиғи монополия субъектілеріне барлық нормативтік талапты орындату бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табатынын атап өтті.
Токаев посетил новый терминал международного аэропорта Коркыт Ата в Кызылорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2025
Әуежайларға авиаотынды негізсіз қымбаттатқаны үшін ірі көлемде айыппұл салынды
Жаңалықтар
0