https://sputnik.kz/20251226/auezhaylarga-aviaotyndy-negizsiz-qymbattatqany-ushin-iri-kolemde-ayyppul-salyndy-59960600.html
Әуежайларға авиаотынды негізсіз қымбаттатқаны үшін ірі көлемде айыппұл салынды
Әуежайларға авиаотынды негізсіз қымбаттатқаны үшін ірі көлемде айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
Еліміздің екі өңірінде заң бұзушылықтар анықталды 26.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-26T22:50+0500
2025-12-26T22:50+0500
2025-12-26T22:50+0500
әуежай
әкімшілік айыппұл
айыппұл
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/1e/58315065_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_31a3c3f87a570fddd99bcddea4261804.jpg
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ел әуежайларын тексеру қорытындысын жариялады.Ведомствоның мәліметінше өңірлерде авиациялық отынды өткізу кезінде монополиялық жоғары баға белгілеу және ұстап тұру фактілері анықталды.Мәселен, Қостанай облысы бойынша АЗРК департаменті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы" Қостанай" халықаралық әуежайы" АҚ қатысты тергеуді аяқтады. Әуе айлағы әкімшілігі үстем жағдайды теріс пайдаланды, дейді агенттік.Әуежай басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 16,6 миллион теңге айыппұл салынып, монополиялық кіріс тәркіленді.Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті "Қорқыт Ата әуежайы" АҚ қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады.Әуежай әкімшілігіне 7,3 миллион теңге (14,3 мың доллар) айыппұл салынып, 2,5 миллион теңге (4,9 мың доллар) монополиялық кіріс тәркіленді.Сонымен қатар департамент заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды, нәтижесінде авиаотынды өткізу бағасы қосымша құн салығынсыз 780 000 теңгеден 533 750 теңгеге дейін төмендеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/1e/58315065_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_2c7eaa65c6a9e54b81648752b2d5118e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуежай, әкімшілік айыппұл, айыппұл
әуежай, әкімшілік айыппұл, айыппұл
Әуежайларға авиаотынды негізсіз қымбаттатқаны үшін ірі көлемде айыппұл салынды
Еліміздің екі өңірінде заң бұзушылықтар анықталды
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ел әуежайларын тексеру қорытындысын жариялады.
Ведомствоның мәліметінше өңірлерде авиациялық отынды өткізу кезінде монополиялық жоғары баға белгілеу және ұстап тұру фактілері анықталды.
Мәселен, Қостанай облысы бойынша АЗРК департаменті Ахмет Байтұрсынұлы атындағы" Қостанай" халықаралық әуежайы" АҚ қатысты тергеуді аяқтады. Әуе айлағы әкімшілігі үстем жағдайды теріс пайдаланды, дейді агенттік.
Әуежай басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 16,6 миллион теңге айыппұл салынып, монополиялық кіріс тәркіленді.
Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаменті "Қорқыт Ата әуежайы" АҚ қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады.
"Тергеу барысында авиаотын құнын негізсіз асыра бағалағаны анықталды, бұл да кәсіпкерлік кодекстің 174-бабы 1-тармақшасын бұзу ретінде сараланды", - деп хабарлады бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі.
Әуежай әкімшілігіне 7,3 миллион теңге (14,3 мың доллар) айыппұл салынып, 2,5 миллион теңге (4,9 мың доллар) монополиялық кіріс тәркіленді.
Сонымен қатар департамент заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарды, нәтижесінде авиаотынды өткізу бағасы қосымша құн салығынсыз 780 000 теңгеден 533 750 теңгеге дейін төмендеді.