Автолизинг не себепті толығымен іске қосылмай жатыр – министрлік себебін айтты

© Photo : АЗРКавтосалон Тойота
автосалон Тойота - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2026
Жазылу
Көлік жүргізуші жол ережесін бұзса, айыпұл компанияға келіп жатыр
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі автолизинг бағдарламасы не себепті толығымен іске қосылмай жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаковтың айтуынша, бұған дейін банктердің біріне қарасты автолизинг компаниясы алғашқы көлікті лизингке берген. Ол көлік 3 жылға 15 процентпен рәсімделді. Бірақ қазіргі кезде бірқатар мәселе туындап отыр.
"Мәселен, лизингке берілген көлікті заңды тұлға, яғни лизинг компания өз атына алып қалады. Ал көлік жүргізуші жол ережесін бұзса, айыпұл компанияға келеді", - деді Андаков үкіметте өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, автолизинг берудің ортақ тәртібі енгізіледі. Ол үшін инвесторлар қауымдастығымен және машина жасаушылар қауымдастығымен келісімшартқа қол қойылды.
Көлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2025
Жеке тұлғалар автокөлікті лизингке ала алады
Жаңалықтар
0