Жеке тұлғалар автокөлікті лизингке ала алады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуКөлік
Көлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.10.2025
Жазылу
Жаңа ережелер жеке тұлғаларға қатысты
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.
Құжат жеке тұлғаларға көліктерді лизингке алуға мүмкіндік береді. Мақсат - азаматтардың мүддесі үшін экономикалық реформаларды жүзеге асыру, деп хабарлады министрліктегілер.
"Азаматтар кейіннен көлікті сатып алу немесе жалға берушіге қайтару құқығымен лизинг шарты бойынша жеке мақсатта пайдалану үшін көлік сатып алу мүмкіндігіне ие болады", - деп жазылған мәлімдемеде.
Дегенмен, пайдаланылған көліктерді лизингке ресімдеуге болмайды. Лизинг шарты типтік үлгі бойынша жасалады, бірақ лизинг беруші көлікті лизингке алушының жағдайын жақсартатын ережелерді қоса енгізе алады.
Бұл азаматтар үшін көліктердің қолжетімділігін арттырады және отандық автолизинг нарығының дамуын ынталандырады, деп сенімді министрліктегілер.
Астық жинау науқаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2025
Шаруалар жасанды интеллект көмегімен техниканы лизингке алуға өтініш бере алады
Жаңалықтар
0