Қазақстанға 38 градус аяз келе жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевСолнце просвечивает сквозь ажурную конструкцию Байтерека
Солнце просвечивает сквозь ажурную конструкцию Байтерека - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2026
Жазылу
Қаңтардың ортасында қатты аяз болады
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. "Қазгидромет" 13-15 қаңтарға жасалған ауа райы болжамын жариялады.
Ведомствоның мәліметінше Қазақстанда жақын күндері қатты аяз болады. Бұған дейін жайлы болған қаңтар 13-не қарай қаһарына мінеді.
"Қазақстан аумағына суық антициклон келе жатыр. Біздің республикамыздың аумағы арқылы тез ауысып, ол алдымен солтүстікке барады. Содан кейін елдің қалған бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді", - дейді синоптиктер.
14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс аймақтарда сынап бағанасы түнгі уақытта 30-38 градусқа дейін төмендейді. Аязды ауа райына қарамастан, антициклон тез ауысады. Салдарынан жел күшейеді. Елдің солтүстік жартысында жекелеген аудандарда боранның екпіні секундына 28 метрге жетеді.
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2026
Қаңтар жылы болады – синоптиктер
Жаңалықтар
0