Павлодар облысында тұрғын үйде ер адам өртеніп кетті

© Photo : Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментіПавлодар облысында тұрғын үйде ер адам өртеніп кетті
Павлодар облысында тұрғын үйде ер адам өртеніп кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2026
Жазылу
Үш әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды
АЛМАТЫ, 11 қаңтар - Sputnik. Павлодар облысы Екібастұзда жеке тұрғын үй өртенді, зардап шеккендер бар, дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сөндірушілер үйден үш әйелді құтқарды, бір адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 8 қаңтар сағат 20:30 шамасында болған.
"Үш әйел құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. 1984 жылы туған ер адамның денесі табылды. Өрт сағат 21:37-де толығымен сөндірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады өрт сөндірушілер.
Төтенше жағдай мамандары өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.
Павлодар облысында бір үйде  6 адам өртеніп кетті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2025
Павлодар облысында бір үйде 6 адам өртеніп кетті
Жаңалықтар
0