Ақмола облысында сыйымдылығы 873 млн текше метр болатын су қоймасы салынады

© Photo : ДЧС Костанайской областиДамба на реке Тобол в Костанайской области
Дамба на реке Тобол в Костанайской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2026
Жазылу
Нысан Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елді мекендерді су басудан қорғайды
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысында 873 млн текше метрге дейін тасқын су жинауға мүмкіндік беретін Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Нысан Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елді мекендерді су басудан қорғайды.
"Контрреттегіш тасқын судың бір бөлігін жинауға және қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл оның Есіл өзенінің төменгі ағысында қауіпсіз өтуін, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, нысан 25 мың гектарға дейін суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді", – деді вице-министр Ерболат Ибрайханов.
Жобаны биыл Азия даму банкінің қолдауымен жүзеге асыруды бастау жоспарланып отыр. Айта кетері, былтыр желтоқсанның басында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен халықаралық қаржы ұйымы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.
Су арнасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2026
Арнайы су пайдалануға рұқсат алу толықтай цифрлық форматқа көшірілді
Жаңалықтар
0