https://sputnik.kz/20260105/arnayy-su-paydalanuga-ruqsat-alu-tolyqtay-tsifrlyq-formatqa-koshirildi-60140716.html
Арнайы су пайдалануға рұқсат алу толықтай цифрлық форматқа көшірілді
Арнайы су пайдалануға рұқсат алу толықтай цифрлық форматқа көшірілді
Sputnik Қазақстан
Былтыр су пайдалануға қатысты есепті тапсыру да цифрлық форматқа ауыстырылған болатын 05.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-05T08:40+0500
2026-01-05T08:40+0500
2026-01-05T08:40+0500
министрлік
цифрландыру
су
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/09/57725765_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_7b0474af17dba555b33ef7c556f43a6e.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Жаңа жылдан бастап азаматтар арнайы су пайдалануға рұқсатты Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СРҰАЖ) арқылы ала алады, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.Жаңа Су кодексіне сәйкес бұл мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру осы қызметті көрсетудің бүкіл циклін цифрлық форматқа толығымен көшіруге мүмкіндік берді.Былтыр су пайдалануға қатысты есепті тапсыру да цифрлық форматқа ауыстырылған болатын. Сонымен қатар СРҰАЖ 11 мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграцияланды.Еске сала кетсек, Су ресурстары және ирригация министрлігі жерүсті және жерасты суы туралы барлық мәлімет жинақталатын Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін әзірледі. СРҰАЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 2026 жылдың екінші жартысына жоспарланған.
https://sputnik.kz/20251226/qazaqstanda-su-shygynyn-azaytuga-arnalgan-nemis-tekhnologiyasyn-engizu-zhobasy-azirlenip-zhatyr-59946347.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/09/57725765_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_4ca45bc049ba01695f88f0727cc87839.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік, цифрландыру, су
министрлік, цифрландыру, су
Арнайы су пайдалануға рұқсат алу толықтай цифрлық форматқа көшірілді
Былтыр су пайдалануға қатысты есепті тапсыру да цифрлық форматқа ауыстырылған болатын
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Жаңа жылдан бастап азаматтар арнайы су пайдалануға рұқсатты Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СРҰАЖ) арқылы ала алады, деп хабарлады су ресурстары және ирригация
министрлігі.
Жаңа Су кодексіне сәйкес бұл мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру осы қызметті көрсетудің бүкіл циклін цифрлық форматқа толығымен көшіруге мүмкіндік берді.
Былтыр су пайдалануға қатысты есепті тапсыру да цифрлық форматқа ауыстырылған болатын. Сонымен қатар СРҰАЖ 11 мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграцияланды.
"Ақпараттық жүйеде су ресурстарына қатысты барлық дерек орталықтандырылған түрде жинақталады. Бұл процестерді автоматтандыруға және нақты деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді", – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Еске сала кетсек, Су ресурстары және ирригация министрлігі жерүсті және жерасты суы туралы барлық мәлімет жинақталатын Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесін әзірледі. СРҰАЖ-ны өнеркәсіптік пайдалануға енгізу 2026 жылдың екінші жартысына жоспарланған.