https://sputnik.kz/20260110/otken-zhyly-20-mynnan-astam-khabar-osharsyz-ketken-azamat-otbasyna-qaytaryldy-60295763.html
Хабар-ошарсыз кеткен 20 мыңнан астам азамат отбасына қайтарылды
Хабар-ошарсыз кеткен 20 мыңнан астам азамат отбасына қайтарылды
Sputnik Қазақстан
Ішкі істер министрлігі 2025 жылғы жұмысын қорытындылады 10.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-10T12:07+0500
2026-01-10T12:07+0500
2026-01-10T12:10+0500
ішкі істер министрлігі
полиция
https://sputnik.kz/img/07e9/07/18/55886480_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_37fe1c64abaa032a404d89f19a0b6756.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар-Sputnik. Ішкі істер министрлігі 2025 жылғы жұмысын қорытындылады. Ведомствоның хабарлауынша, елде қылмыс деңгейінің 6 мыңнан астам қылмысқа төмендеуі тіркелген. Кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, ұрлық, бұзақылық және басқаларды қоса алғанда, ауыр және аса ауыр қылмыстар айтарлықтай төмендеген.Қылмыстың барлық түрлері бойынша, оның ішінде аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 98%-ға жеткен. Өткен жылдары жасалған 2,7 мыңнан астам қылмыс ашылды.2025 жылы полиция 20 мыңнан астам хабар-ошарсыз кеткен азаматты отбасына қайтарып, 1,6 мыңнан астам іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Өткен жылы полиция мас күйінде көлік жүргізгені үшін 23 мыңнан астам жүргізушіні ұстады. Сондай - ақ, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару фактілері бойынша 78 қылмыстық іс қозғалды, оның 10-ы трансұлттық арналар арқылы болған. Қылмыстық қоғамдастықтардың 299 көшбасшылары мен қатысушылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 2,5 мыңнан астам қару алынды.Бұдан бөлек полиция заңсыз айналымнан 31,7 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Бұл 12 млннан астам бір реттік дозаға тең. 109 есірткі зертханасы жойылды, оның ішінде синтетикалық есірткі өндірісі бойынша да бар.Ведомство басшысы Ержан Сәденов 2026 жылы ІІМ жұмысындағы айқындаушы бағыттар цифрландыру және жасанды интеллект болатынын айтты. Олар құқық қорғау жүйесінде кеңінен қолдануға ниетті. Министр сондай-ақ ішкі профилактикалық жұмысты күшейтуді, сондай-ақ ауыр зардаптарды күтпестен ант бұзған және қызметке нұқсан келтірген адамдардан уақтылы құтылуды тапсырды.
https://sputnik.kz/20240610/germaniyada-qazaqstandyq-sudya-iz-tussiz-zhogalyp-ketti--sim-malimdeme-zhasady-44877514.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/18/55886480_56:0:1192:852_1920x0_80_0_0_23d5a601dbd0d69a572a61f94296a9fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ішкі істер министрлігі, полиция
ішкі істер министрлігі, полиция
Хабар-ошарсыз кеткен 20 мыңнан астам азамат отбасына қайтарылды
12:07 10.01.2026 (жаңартылды: 12:10 10.01.2026) Ішкі істер министрлігі 2025 жылғы жұмысын қорытындылады
АСТАНА, 10 қаңтар-Sputnik. Ішкі істер министрлігі 2025 жылғы жұмысын қорытындылады.
Ведомствоның хабарлауынша, елде қылмыс деңгейінің 6 мыңнан астам қылмысқа төмендеуі тіркелген. Кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, тонау, ұрлық, бұзақылық және басқаларды қоса алғанда, ауыр және аса ауыр қылмыстар айтарлықтай төмендеген.
Қылмыстың барлық түрлері бойынша, оның ішінде аса ауыр қылмыстардың ашылу деңгейі 98%-ға жеткен. Өткен жылдары жасалған 2,7 мыңнан астам қылмыс ашылды.
2025 жылы полиция 20 мыңнан астам хабар-ошарсыз кеткен азаматты отбасына қайтарып, 1,6 мыңнан астам іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады.
"Жәбірленушілерге келтірілген залал бойынша шамамен 60 млрд теңге өтелді. 84,5 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды. Интернет-алаяқтардың 13 call-орталығы жойылды, оның ішінде шетелде орналасқандары да бар", - дейді министрлік.
Өткен жылы полиция мас күйінде көлік жүргізгені үшін 23 мыңнан астам жүргізушіні ұстады. Сондай - ақ, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару фактілері бойынша 78 қылмыстық іс қозғалды, оның 10-ы трансұлттық арналар арқылы болған.
Қылмыстық қоғамдастықтардың 299 көшбасшылары мен қатысушылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Заңсыз айналымнан 2,5 мыңнан астам қару алынды.
Бұдан бөлек полиция заңсыз айналымнан 31,7 тоннадан астам есірткі тәркіленді. Бұл 12 млннан астам бір реттік дозаға тең.
109 есірткі зертханасы жойылды, оның ішінде синтетикалық есірткі өндірісі бойынша да бар.
Ведомство басшысы Ержан Сәденов 2026 жылы ІІМ жұмысындағы айқындаушы бағыттар цифрландыру және жасанды интеллект болатынын айтты. Олар құқық қорғау жүйесінде кеңінен қолдануға ниетті.
Министр сондай-ақ ішкі профилактикалық жұмысты күшейтуді, сондай-ақ ауыр зардаптарды күтпестен ант бұзған және қызметке нұқсан келтірген адамдардан уақтылы құтылуды тапсырды.