Таразда 12 оқушы уланды: кәсіпкерге 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2026
Жазылу
Кәсіпкер кінәсін ішінара мойындады
АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Таразда 12 оқушының улануына қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық соты.
Істі Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты қарады. Кәсіпкер адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан санитариялық-эпидемиологиялық заңнама талаптарын бұзды деп айыпталды
Оқиға былтыр қарашада Байзақ ауданында болған.
"Дүкенде сатылатын тамақ өнімдерін тұтынғаннан кейін медициналық мекемеге тамақтан уланып, 12 оқушы жатқызылған. Жоспардан тыс тексеру барысында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тамақ өнімдерінен ішек таяқшалары тобының бактерияларын анықтады. Бұл өнімді дайындау кезінде санитарлық нормалардың бұзылғанын дәлелдейді", - дейді сот.
Кәсіпкер кінәсін ішінара мойындап, бір уақытта 12 оқушы улануы мүмкін емес екенін мәлімдеді. Айтуынша дүкенге күн сайын тек 3 гамбургер жеткізілген.
"Кәсіпкер кінәлі деп танылып, оған 1,2 млн теңгеден астам мөлшерде айыппұл салынды. Сот 9 қызметкердің жалақысынан айырмау мақсатында мекеменің қызметін тоқтата тұру түрінде қосымша жаза қолданбады", - дейді сот.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.11.2025
Жамбыл облысында оқушылар жаппай уланып қалды
Жаңалықтар
0