Бағалы бұйымдарды арзан бағаға алып беруге уәде еткен күдікті Түркиядан елге қайтарылды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2026
Жазылу
Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 8 адам жапа шегіп, оларға жалпы сомасы шамамен 130 млн теңгеге материалдық залал келген
АСТАНА, 8 қаңтар - Sputnik. Бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан азаматшасы Түркия Республикасынан елге қайтарылды.
Бұл жұмыстарды бас прокуратура мен Интерпол Ұлттық орталық бюросы Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің жәрдемдесуімен жүргізген.
"Күдікті 2024 жылы Қызылорда қаласында жәбірленушілерге зергерлік бұйымдарды төмен бағамен сатып алып беремін деп уәде беріп, алдау жолымен олардың ақша қаражаттарын иемденген", - деп жазылған хабарламада.
Оның қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 8 адам жапа шегіп, оларға жалпы сомасы шамамен 130 млн теңгеге материалдық залал келген.
Қылмыстарды жасағаннан кейін күдікті ел аумағынан тыс жерге бой тасалап, оған халықаралық іздеу жарияланған. Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында ол Түркия Республикасының аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2026
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
Жаңалықтар
0