https://sputnik.kz/20260105/asa-iri-molsherde-alayaqtyq-zhasagan-kudikti-reseyden-ekstraditsiyalandy-60148814.html
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
Sputnik Қазақстан
Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде Қазақстанның 6 азаматына жалпы 100 млн теңгеден астам залал келтірілген 05.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-05T12:37+0500
2026-01-05T12:37+0500
2026-01-05T12:49+0500
прокуратура
күдікті
экстрадицияланды
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Бас прокуратура аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.Күдікті 2024-2025 жылдар аралығында Тараз қаласында өзін коммерциялық ұйымның қызметкерімін деп таныстырып, қаражатты инвестициялау арқылы жоғары табысқа уәде беріп, азаматтарды әртүрлі тауарларды көтерме сатып алу және кейіннен сату бойынша бірлескен кәсіппен айналысуға шақырған.Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.Осы жылдың тамызында күдікті Ресейде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20251229/asa-auyr-qylmys-zhasady-degen-kudikpen-ustalgan-reseylik-gruziyadan-ekstraditsiyalandy-60008503.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
прокуратура, күдікті, экстрадицияланды
прокуратура, күдікті, экстрадицияланды
Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды
12:37 05.01.2026 (жаңартылды: 12:49 05.01.2026) Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде Қазақстанның 6 азаматына жалпы 100 млн теңгеден астам залал келтірілген
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Бас прокуратура аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.
Күдікті 2024-2025 жылдар аралығында Тараз қаласында өзін коммерциялық ұйымның қызметкерімін деп таныстырып, қаражатты инвестициялау арқылы жоғары табысқа уәде беріп, азаматтарды әртүрлі тауарларды көтерме сатып алу және кейіннен сату бойынша бірлескен кәсіппен айналысуға шақырған.
"Алайда ол өз міндеттемелерін орындамай, алған ақшасын жымқырып, қажеттілігіне жұмсаған. Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде Қазақстанның 6 азаматына жалпы 100 млн теңгеден астам залал келтірілген", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
Осы жылдың тамызында күдікті Ресейде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.