https://sputnik.kz/20260108/amerikalyq-taualardy-gana-alady-tramp-venesuelaga-qatysty-tagy-bir-malimdeme-zhasady-60236575.html
"Америкалық тауаларды ғана алады": Трамп Венесуэлаға қатысты тағы бір мәлімдеме жасады
"Америкалық тауаларды ғана алады": Трамп Венесуэлаға қатысты тағы бір мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
Соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарлары, дәрі-дәрмек, медициналық және электр желілерге арнаған құрал-жабдықтар бар 08.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-08T13:38+0500
2026-01-08T13:38+0500
2026-01-08T13:39+0500
ақш
венесуэла
президент
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58826871_0:0:3071:1727_1920x0_80_0_0_71f09e36577e35d64077fbec715c00e1.jpg
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Венесуэла мұнайды сату келісімшарты аясында тек АҚШ-та шығарылған тауарларды сатып алатын болады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.Трамп бұл жаңалықты біреудің хабарлағанын, бірақ нақты кім екенін айтқан жоқ.Соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарлары, дәрі-дәрмек, медициналық және электр желілерге арнаған құрал-жабдықтар бар."Басқа сөзбен айтқанда Венесуэла АҚШ-пен өзінің негізгі әріптесі ретінде бизнес жүргізуге міндет алып отыр. Бұл – дұрыс таңдау. Венесуэла халқы мен АҚШ үшін өте жақсы нәрсе", - дейді Трамп.Ал АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Fox News арнасына берген сұхбатында ұлттық мүдде ескерілген жағдайда ғана Венесуэла мұнайын сатуға рұқсат берілетінін мәлімдеді."Біз режимге былай айтып отырмыз, сіздер Американың ұлттық мүддесіне қызмет атқарсаңыздар, мұнайды сатуға рұқсат беріледі. Ал Американың ұлттық мүддесіне қызмет атқара алмасаңыздар, сіздерге мұнай сатуға рұқсат берілмейді", - деді ол.Оның айтуынша, Вашингтон ондай әрекетке Венесуэла жақын орналасқаннан кейін барып отыр. Ирак сияқты алыс емес.Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Дельси Родригес депутаттармен болған кездесуде республиканың өзара тиімді және өзара құрметке негізделген халықаралық келісімдерге ашық екенін айтты.Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Венесуэла экспортының 71 проценті 8 мемлекетке тиесілі. Соның 27 проценті АҚШ-қа кетеді."Венесуэла Азия, Африка, Таяу Шығыс пен Еуропамен қандай қарым-қатынаста болса, осы жарты шардың барлық мемлекетімен де сондай қарым-қатынасты ұстауы керек", - деді ол.Ал Wall Street Journal АҚШ президенті әкімшілігінің Венесуэла мұнайына бақылау орнату жоспарын дайындап жатқанын жазды. Соның аясында бағаны бір баррель үшін 50 долларға дейін төмендету жоспарланған.
https://sputnik.kz/20260103/venesuelada-totenshe-zhagday-zhariyalandy-60115038.html
https://sputnik.kz/20260103/venesuela-prezidenti-maduro-men-onyn-ayeli-ustaldy---tramp-60116915.html
ақш
венесуэла
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/11/58826871_5:0:2736:2048_1920x0_80_0_0_d704543b0a9ae9b188503ddc3764dbbf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, венесуэла, президент
ақш, венесуэла, президент
"Америкалық тауаларды ғана алады": Трамп Венесуэлаға қатысты тағы бір мәлімдеме жасады
13:38 08.01.2026 (жаңартылды: 13:39 08.01.2026) Соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарлары, дәрі-дәрмек, медициналық және электр желілерге арнаған құрал-жабдықтар бар
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Венесуэла мұнайды сату келісімшарты аясында тек АҚШ-та шығарылған тауарларды сатып алатын болады. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Трамп бұл жаңалықты біреудің хабарлағанын, бірақ нақты кім екенін айтқан жоқ.
"Маған жаңа ғана Венесуэланың жаңа мұнай келісімшартымыздан түсетін ақшаға тек америкалық тауарларды алатынын хабарлады", - деп жазды АҚШ басшысы өзінің Truth Social парақшасында.
Соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарлары, дәрі-дәрмек, медициналық және электр желілерге арнаған құрал-жабдықтар бар.
"Басқа сөзбен айтқанда Венесуэла АҚШ-пен өзінің негізгі әріптесі ретінде бизнес жүргізуге міндет алып отыр. Бұл – дұрыс таңдау. Венесуэла халқы мен АҚШ үшін өте жақсы нәрсе", - дейді Трамп.
Ал АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Fox News арнасына берген сұхбатында ұлттық мүдде ескерілген жағдайда ғана Венесуэла мұнайын сатуға рұқсат берілетінін мәлімдеді.
"Біз режимге былай айтып отырмыз, сіздер Американың ұлттық мүддесіне қызмет атқарсаңыздар, мұнайды сатуға рұқсат беріледі. Ал Американың ұлттық мүддесіне қызмет атқара алмасаңыздар, сіздерге мұнай сатуға рұқсат берілмейді", - деді ол.
Оның айтуынша, Вашингтон ондай әрекетке Венесуэла жақын орналасқаннан кейін барып отыр. Ирак сияқты алыс емес.
Венесуэла президентінің міндетін атқарушы Дельси Родригес депутаттармен болған кездесуде республиканың өзара тиімді және өзара құрметке негізделген халықаралық келісімдерге ашық екенін айтты.
"Венесуэлада мұнай мен газдың ең ірі қорлары бар. Бұл ресурстар елдің дамуына және басқа мемлекеттердің дамуына жұмыс істеуі керек. Біз халықаралық заңдарға бағынатын келісімдер аясында өзара құрметке негізделген қарым-қатынасқа дайынбыз", - дейді Родригес.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Венесуэла экспортының 71 проценті 8 мемлекетке тиесілі. Соның 27 проценті АҚШ-қа кетеді.
"Венесуэла Азия, Африка, Таяу Шығыс пен Еуропамен қандай қарым-қатынаста болса, осы жарты шардың барлық мемлекетімен де сондай қарым-қатынасты ұстауы керек", - деді ол.
Ал Wall Street Journal АҚШ президенті әкімшілігінің Венесуэла мұнайына бақылау орнату жоспарын дайындап жатқанын жазды. Соның аясында бағаны бір баррель үшін 50 долларға дейін төмендету жоспарланған.