Венесуэлада төтенше жағдай жарияланды

© Скрин с видеоВзрывы в Каракасе
Взрывы в Каракасе - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2026
Жазылу
АСТАНА, 3 қаңтар - Sputnik. Венесуэла президенті Николас Мадуро елде төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды BNO News порталы.
Венесуэла президенті Николас Мадуро "агрессияға" тойтарыс беру үшін жан-жақты ұлттық қорғаныс жүйесін дереу орналастыруды және ұлттық күштерді жұмылдыруды бұйырды, деп хабарлады елдің Сыртқы істер министрлігі.
"Президент Николас Мадуро ұлттық қорғаныстың барлық жоспарын жүзеге асыруды бұйырды. Мадуро қарулы күреске дереу көшу туралы жарлықты орындауды бұйырды. Бұл империалистік агрессияға тойтарыс беру үшін бүкіл ел жұмылдырылуы керек", - делінген министрліктің хабарламасында.
АҚШ армиясы Каракастағы жарылыстарға қатысы болуы мүмкін екеніне қатысты түсініктеме беруден бас тартты, деп хабарлайды The New York Times. Дегенмен Дональд Трамп әкімшілігі Каракастағы жарылыстар туралы ақпараттан хабардар, деп мәлім етті CBS.
Венесуэла билігі АҚШ-тың елге шабуылды оның мұнайы мен минералдық ресурстарын бақылауға алу мақсатында жасағаны мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.
Взрыв в Каракасе - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.01.2026
АҚШ-пен қақтығыс ушықты: Венесуэла астанасы Каракаста бірнеше жарылыс болды
Жаңалықтар
0