https://sputnik.kz/20260107/zhambyl-oblysyndagy-askeri-garnizonda-sarbaz-zharaqat-aldy-60204615.html
Жамбыл облысындағы әскери гарнизонда сарбаз жарақат алды
Жамбыл облысындағы әскери гарнизонда сарбаз жарақат алды
Sputnik Қазақстан
Сарбаз сол қолының саусақтарын темір затпен жарақаттап алған 07.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-07T10:20+0500
2026-01-07T10:20+0500
2026-01-07T10:23+0500
жамбыл облысы
әскери қызметкер
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/26/97/269725_0:56:1101:675_1920x0_80_0_0_7d903a21b748a459423ff5a68e8ca409.jpg
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында сарбаз қолын жарақаттап алды.Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлауынша, оқыс оқиға 6 қаңтарда әскери міндетті орындау кезінен тыс уақытта болған.Қазір сарбаздың жағдайы тұрақты және денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Сарбаз медициналық мамандардың бақылауында, дейді әскерилер.Зардап шегушінің айтуынша, ол бұл әрекетті әскери қызметіне қатысы жоқ жеке себептермен жасаған.Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Арнайы комиссия оқиға орнына барды.
https://sputnik.kz/20251201/ulttyq-ulanda-sarbaz-koz-zhumdy-ayyp-tagylgan-vzvod-komandiri-zhazadan-bosatyldy-59269430.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/26/97/269725_62:0:1037:731_1920x0_80_0_0_147238bd883b19f800df62b8504b4bd9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, әскери қызметкер, төтенше жағдай
жамбыл облысы, әскери қызметкер, төтенше жағдай
Жамбыл облысындағы әскери гарнизонда сарбаз жарақат алды
10:20 07.01.2026 (жаңартылды: 10:23 07.01.2026) Сарбаз сол қолының саусақтарын темір затпен жарақаттап алған
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысында сарбаз қолын жарақаттап алды.
Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлауынша, оқыс оқиға 6 қаңтарда әскери міндетті орындау кезінен тыс уақытта болған.
"Гвардиялық гарнизонның әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер казарманың сыртында таңертеңгі тексеру кезінде сол қолының саусақтарын темір затпен жарақаттады. Зардап шегуші тез арада әскери госпитальға жеткізілді, онда оған жедел медициналық көмек көрсетілді", - деп жазылған хабарламада.
Қазір сарбаздың жағдайы тұрақты және денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Сарбаз медициналық мамандардың бақылауында, дейді әскерилер.
Зардап шегушінің айтуынша, ол бұл әрекетті әскери қызметіне қатысы жоқ жеке себептермен жасаған.
Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Арнайы комиссия оқиға орнына барды.