https://sputnik.kz/20251201/ulttyq-ulanda-sarbaz-koz-zhumdy-ayyp-tagylgan-vzvod-komandiri-zhazadan-bosatyldy-59269430.html
Ұлттық ұланда сарбаз көз жұмды: айып тағылған взвод командирі жазадан босатылды
Ұлттық ұланда сарбаз көз жұмды: айып тағылған взвод командирі жазадан босатылды
Sputnik Қазақстан
Марқұм сарбаздың отбасы жазаны дұрыс баппен қозғамады деп наразылық білдіріп, сот отырысына қатыспады 01.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-01T17:37+0500
2025-12-01T17:37+0500
2025-12-01T18:11+0500
ұлттық ұлан
сарбаз
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26625753_0:0:1156:651_1920x0_80_0_0_f65bd47f101bbe4ec22cd0a9491b33a1.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласының №5571 әскери бөлімінде көз жұмған Алмас Шахимовтың өліміне кінәлі деп айыпталған взвод командирі Дәурен Байызбековке сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sutnik Қазақстан тілшісі.Әскерге барғанына небәрі екі ай болған Алмас Шахимов армияда қайтыс болды. Бүгін үш жылға созылған қылмыстық іске сот нүкте қойды. Айыпталушы - взвод командирі Дәурен Байызбеков.Ол Қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-бөлімі "Қызметке салғырт қарау, ауыр зардаптарға соғу" бойынша айыпталды.Сот Дәурен Байызбековты осы баппен кінәлі деп тапты. Бірақ қылмыс уақытынан екі жыл өтіп кеткендіктен сотталушыны жазадан босатты.Ұлттық ұланда қайтыс болған Алмас Шахимов бір отбасының жалғыз ұлы болған. Марқұм сарбаздың отбасы жазаны дұрыс баппен қозғамады деп наразылық білдіріп, сот отырысына қатыспады. Үкімге де риза емес.Журналистердің қойған сұрақтарына жауап беруден бас тартты.Ал айыпталушы Дәурен Байызбеков бұған дейін тағылған айыппен келіспейтінін айтумен болды.Еске сала кетейік, 2022 жылы Ұлттық ұланға әскер қатарына қабылданған Алмас Шахимов екі айдан соң 9 тамызда көз жұмды. Ол кезде сарбазды дауылдан құлаған шатыр басым қалғаны айтылған болатын.
https://sputnik.kz/20251127/ulttyq-ulanda-sarbaz-koz-zhumdy-ayyptalushy-sotta-songy-sozin-aytty-59153636.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26625753_104:0:972:651_1920x0_80_0_0_dbdd71d15d1bd172fe79eb57a06d1723.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
ұлттық ұлан, сарбаз, төтенше жағдай
ұлттық ұлан, сарбаз, төтенше жағдай
Ұлттық ұланда сарбаз көз жұмды: айып тағылған взвод командирі жазадан босатылды
17:37 01.12.2025 (жаңартылды: 18:11 01.12.2025) Марқұм сарбаздың отбасы жазаны дұрыс баппен қозғамады деп наразылық білдіріп, сот отырысына қатыспады
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Алматы қаласының №5571 әскери бөлімінде көз жұмған Алмас Шахимовтың өліміне кінәлі деп айыпталған взвод командирі Дәурен Байызбековке сот үкімі шықты, деп хабарлайды
Sutnik Қазақстан тілшісі.
Әскерге барғанына небәрі екі ай болған Алмас Шахимов армияда қайтыс болды. Бүгін үш жылға созылған қылмыстық іске сот нүкте қойды. Айыпталушы - взвод командирі Дәурен Байызбеков.
Ол Қылмыстық кодекстің 453-бабы 2-бөлімі "Қызметке салғырт қарау, ауыр зардаптарға соғу" бойынша айыпталды.
Сот Дәурен Байызбековты осы баппен кінәлі деп тапты. Бірақ қылмыс уақытынан екі жыл өтіп кеткендіктен сотталушыны жазадан босатты.
Ұлттық ұланда қайтыс болған Алмас Шахимов бір отбасының жалғыз ұлы болған. Марқұм сарбаздың отбасы жазаны дұрыс баппен қозғамады деп наразылық білдіріп, сот отырысына қатыспады. Үкімге де риза емес.
Журналистердің қойған сұрақтарына жауап беруден бас тартты.
Ал айыпталушы Дәурен Байызбеков бұған дейін тағылған
айыппен келіспейтінін айтумен болды.
"Мен де бір отбасының жалғыз ұлымын, кәрі әке-шешем бар. Айыбым тірі болғаным ғана", - деген Байызбеков соңғы сөзінде соттан ақтауды сұраған болатын.
Еске сала кетейік, 2022 жылы Ұлттық ұланға әскер қатарына қабылданған Алмас Шахимов екі айдан соң 9 тамызда көз жұмды. Ол кезде сарбазды дауылдан құлаған шатыр басым қалғаны айтылған болатын.