Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

© Sputnik/Ертай СарбасовРождество 2026
Рождество 2026  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2026
Жазылу
Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қазақстанның барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Бұл жарқын мейрам адамдардың жүрегіне сенім мен үміт ұялатып, барша адамзатқа сүйіспеншілікпен қарауға үндейді, деді президент.
"Әділдік, ізгілік, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік, үйлесімділік сияқты мәңгілік рухани құндылықтар христиан діні мен басқа да әлемдік дәстүрлі діндердің арқауы саналады. Православ христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отаншылдық пен еңбекқорлыққа баулуға және олардың бойына отбасы құндылықтарын сіңіруге елеулі үлес қосып келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы бірлік, тілектестік, өзара қолдау қағидаттары – мемлекеттік саясатымыздың ажырамас бөлігі, барлық жетістіктеріміздің мызғымас негізі екенін айтты.
"Жұртымыз бір-біріне құрмет көрсетіп, сенім мен жанашырлық таныта отырып, әділдік және өсіп-өркендеу жолында алға қарай нық қадам жасай береді. Православ азаматтарға және барша халқымызға шын жүректен зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Әр үй құт-берекеге толсын!", - деді президент.
Рождество Христово - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар
0