Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

© Sputnik/Ертай СарбасовРождество Христово
Рождество Христово - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
Жазылу
АСТАНА, 7 қаңтар - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады.
"Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын! Жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын осы жарқын мейрамда діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігеді. Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады", - деді Тоқаев.
Президент православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келетінін атап өтті.
"Қоғамдағы татулық пен түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала беретініне кәміл сенемін. Еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", - делінген құттықтауда.
Рождество-2023 в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
Православ христиандары Рождество мерекесін атап өтіп жатыр
Жаңалықтар
0