Халықаралық іздеу жарияланған шетелдік Шымкент пен Астанада жұмыс істеген

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Астаны
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2026
Жазылу
Ол өткен жылдың желтоқсан айында Шортанды ауданының Жолымбет кентіне келген кезде ұсталды
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысында бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 45 жастағы Тәжікстан азаматы Соғды облысында жасалған алаяқтық әрекеті үшін айыпталған. Бірақ 2021 жылы тергеу органдарынан қашып үлгерген. Сол кезде Қазақстан аумағына өтіп кеткен.
"Осы уақытқа дейін халықаралық іздеуде жүрген ер адам бірнеше өңірде тұрып, Шымкент пен Астана қалаларының құрылыс нысандарында қара жұмысшы болып істеген. Ал 2025 жылы желтоқсан айында Шортанды ауданының Жолымбет кентіне келген. Жергілікті полицейлер оның іздеуде жүргенін анықтап, қамауға алды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде тексеріс шаралары басталды. Соның нәтижесінде қажетті материалдар жинақталады. Тәжікстан азаматы уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Оны өз еліне экстрадициялау мәселесі заңмен бекітілген тәртіппен шешіледі.
Темекі өнімі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2025
Шетел азаматы Қазақстан аумағына 2 мың қорап темекіні атпен заңсыз алып кірмек болған
Жаңалықтар
0