Шетел азаматы Қазақстан аумағына 2 мың қорап темекіні атпен заңсыз алып кірмек болған

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуТемекі өнімі
Темекі өнімі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2025
Жазылу
Құқық бұзушыны тексеру кезінде "ORIS" маркалы 2 мың қорап темекі табылған
АСТАНА, 26 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында шекараны бұзып, темекіні заңсыз тасыған Қырғызстан сотталды, деп хабарлайды Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі.
Істі Жуалы аудандық соты ӘҚБтК 283-бабының 2-бөлігі "Таңбалануға жататын акцизделетін тауарлардың айналымы" және ӘҚБтК 514-бабының 2-бөлігі "Шетелдік азаматтың мемлекеттік шекара режимін бұзуы" бойынша қарады.
"Биыл қарашада түнгі уақытта Жуалы ауданының шекара қызметінің қызметкерлері Қырғызстан азаматын Қазақстанның шекарасын заңсыз кесіп өту барысында ұстаған. Шетелдік азамат Қазақстан аумағына атпен контрабандалық темекі алып кіруге тырысқан. Құқық бұзушыны тексеру кезінде "ORIS" маркалы 2 мың қорап темекі табылған", - дейді сотта.
Сот отырысында құқық бұзушы ісіне өкініп, кінәсін толық мойындады.
Сот қаулысымен сотталушы кінәлі деп танылып, оған Қазақстан аумағынан шығарылып, темекі өнімі мен атты мемлекет кірісіне тәркілей отырып, 137 мың теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Шекарада жүк көлігінде жасырынған заңсыз мигранттар ұсталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2025
Шекарада жүк көлігіне жасырынған заңсыз мигранттар ұсталды
Жаңалықтар
0