Президент: Бірнеше атом станциясын салу – тарихи олқылықтың орнын толтыру

© Sputnik/Ертай СарбасовҚазақстандағы алғашқы АЭС
Қазақстандағы алғашқы АЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2026
Жазылу
Біз атом станцияларын салу арқылы техникалық интеллигенцияның жаңа буынын қалыптастырамыз
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті "Turkistan" газетіне берген сұхбатында стратегиялық жоспарлардағы ядролық энергетиканың орны туралы айтты.
Мемлекет басшысы сенімді энергия көзі болмаса, Қазақстан экономиканың жаңа технологиялық үлгісіне көше алмайтынын ескертті. Суперкомпьютерлерге, дата-орталықтар мен автоматтандырылған өндіріс кешендеріне өте көп энергия қажет.
Қасым-Жомарт Тоқаев қуат көздерін салу үшін білікті мамандар керектігін де айтты. Ол осы орайда капитал қоры шамамен 4,5 триллион доллар болатын әлемдегі ең ірі компания – NVIDIA-ның басшысы жақында "көк жағалылар", яғни техникалық мамандық иелері мультимиллионерлер қатарына қосылады деп болжам жасағанын еске салды.

"Бірнеше атом станциясын салу – біріншіден, тарихи олқылықтың орнын толтыру деген сөз. Себебі, уран өндірісі бойынша әлемде көш бастап тұрған елдің бірде-бір атом электр станциясын салмауы мүлдем ақылға қонбайды. ", - деді президент.

Тоқаевтың пікірінше, екіншіден, бұл қадам Қазақстанның абырой-беделін нығайта түседі.
"Біз атом станцияларын салу арқылы техникалық интеллигенцияның жаңа буынын қалыптастырамыз. Тиісінше, мемлекеттік саясаттың түпкі мәнін өзгертеміз. Осыны қаперден шығармаған жөн", - деді президент.
Ақмола облысында қайтарылған активтер есебінен көпфункционалды спорт кешені салынды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2026
Активтері бойынша күдікке ілінгендер қаржысын елге инвестициялауға ниет білдірді - Тоқаев
Жаңалықтар
0