https://sputnik.kz/20260104/maduro-qamauga-alyndy-delsi-rodriges-uaqytsha-venesuela-prezidentinin-mindetin-atqarady-60124719.html
Мадуро ұсталды: Дельси Родригес уақытша Венесуэла президентінің міндетін атқарады
Мадуро ұсталды: Дельси Родригес уақытша Венесуэла президентінің міндетін атқарады
Sputnik Қазақстан
Бұл шешім Венесуэланың қорғанысын қамтамасыз ету үшін "шұғыл және алдын алу шаралары" деп аталды 04.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-04T12:03+0500
2026-01-04T12:03+0500
2026-01-04T13:05+0500
венесуэла
ақш
президент
https://sputnik.kz/img/07ea/01/04/60123075_0:0:3140:1767_1920x0_80_0_0_e24705a53011e8242669207d90bd3fd7.jpg
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Конституциялық палатаның шешіміне сәйкес, Венесуэланың Жоғарғы соты президент Николас Мадуроның ұрлануынан кейін вице-президент Дельси Родригеске уақытша президенттің міндетін атқаруды міндеттеді, деп хабарлайды РИА Новости."Республика президенті Николас Мадуро Мороның ұрлануынан болып отырған жағдайды ескере отырып, оның өз функцияларын орындауы уақытша мүмкін емес болғандықтан, Республика вице-президентіне әкімшілік сабақтастықты және ұлттың жан-жақты қорғанысын қамтамасыз ету үшін Венесуэла Республикасы президентінің қызметіне тән барлық өкілеттікті, міндеттерді және функцияларды өз мойнына алу және оларды іс жүзінде жүзеге асыру тапсырылды", - деді палата басшысы Карислия Беатрис Родригес.Сот Конституцияда көзделмеген, бірақ мемлекеттің тұрақтылығына, ұлттық қауіпсіздікке және үкіметтің үздіксіздігіне қауіп төндіретін төтенше жағдайлар мен форс-мажор жағдайлардың бар екенін анықтады. Сондықтан әкімшілік міндетті тапсыру және елдің қорғанысын қамтамасыз ету үшін "шұғыл және алдын алу шараларын" қабылдады.Бір күн бұрын Трамп АҚШ Венесуэлаға жаппай соққы жасап, Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флоресті тұтқындап, оларды елден шығарылғанын жариялады.БАҚ хабарлауынша, шабуылда әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындарды қоса алғанда, кем дегенде 40 адам көз жұмды.Бірнеше АҚШ конгрессмені операцияны заңсыз деп атады, ал Венесуэла сыртқы істер министрлігі 5 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады.Ресей сыртқы істер министрлігі Мадуро мен оның әйелін босатуға және Венесуэла төңірегіндегі жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеуге шақырды.
https://sputnik.kz/20260103/venesuelada-totenshe-zhagday-zhariyalandy-60115038.html
венесуэла
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/01/04/60123075_4:0:2735:2048_1920x0_80_0_0_bcc6cab4b9641df6c6231cb9502ad450.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
венесуэла, ақш, президент
венесуэла, ақш, президент
Мадуро ұсталды: Дельси Родригес уақытша Венесуэла президентінің міндетін атқарады
12:03 04.01.2026 (жаңартылды: 13:05 04.01.2026) Бұл шешім Венесуэланың қорғанысын қамтамасыз ету үшін "шұғыл және алдын алу шаралары" деп аталды
АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. Конституциялық палатаның шешіміне сәйкес, Венесуэланың Жоғарғы соты президент Николас Мадуроның ұрлануынан кейін вице-президент Дельси Родригеске уақытша президенттің міндетін атқаруды міндеттеді, деп хабарлайды РИА Новости.
"Республика президенті Николас Мадуро Мороның ұрлануынан болып отырған жағдайды ескере отырып, оның өз функцияларын орындауы уақытша мүмкін емес болғандықтан, Республика вице-президентіне әкімшілік сабақтастықты және ұлттың жан-жақты қорғанысын қамтамасыз ету үшін Венесуэла Республикасы президентінің қызметіне тән барлық өкілеттікті, міндеттерді және функцияларды өз мойнына алу және оларды іс жүзінде жүзеге асыру тапсырылды", - деді палата басшысы Карислия Беатрис Родригес.
Сот Конституцияда көзделмеген, бірақ мемлекеттің тұрақтылығына, ұлттық қауіпсіздікке және үкіметтің үздіксіздігіне қауіп төндіретін төтенше жағдайлар мен форс-мажор жағдайлардың бар екенін анықтады. Сондықтан әкімшілік міндетті тапсыру және елдің қорғанысын қамтамасыз ету үшін "шұғыл және алдын алу шараларын" қабылдады.
Бір күн бұрын Трамп АҚШ Венесуэлаға жаппай соққы жасап, Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флоресті тұтқындап, оларды елден шығарылғанын жариялады.
БАҚ хабарлауынша, шабуылда әскери қызметкерлер мен бейбіт тұрғындарды қоса алғанда, кем дегенде 40 адам көз жұмды.
Бірнеше АҚШ конгрессмені операцияны заңсыз деп атады, ал Венесуэла сыртқы істер министрлігі 5 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізуді сұрады.
Ресей сыртқы істер министрлігі Мадуро мен оның әйелін босатуға және Венесуэла төңірегіндегі жағдайдың одан әрі ушығуына жол бермеуге шақырды.