Табыс салығына қатысты өзгерістер күшіне енді

© PhotoТабыс салығына қатысты өзгерістер күшіне енді
Табыс салығына қатысты өзгерістер күшіне енді - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2026
Жазылу
Жаңа жылдан бастап біржолғы зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады
АСТАНА, 2 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың табыс салығына қатысты өзгерістерді түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жеке табыс салығынан босатылады

Жаңа жылдан бастап біржолғы зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады.
"Сонымен қатар 2026 жылға дейін жүзеге асырылған және салықты белгіленген кестеге сәйкес 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен төлеу тәсілі таңдалған біржолғы зейнетақы төлемдеріне де табыс салығынан босатылып отыр", - дейді салықшылар.

Мүліктік табысты айқындау мерзімі өзгерді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жылжымайтын мүлікті өткізу кезінде мүліктік табыс жеке тұлғаның меншік ету мерзімі екі жылдан асқан жағдайда туындайды. Былайша айтқанда ондай нысандар бойынша табыс салығын екі жылдан кейін ғана төлемеуге болады.
"Ал 1 қаңтарға дейін сатып алынған және аталған күннен кейін өткізілген мүлікке қатысты бұрын қолданылған меншік ету мерзімі - бір жыл сақталады", - деп атап көрсетті мамандар.
Айта кетері, мүліктік табыс алған жеке тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсыруға, ал табыс салығын 25 қыркүйекке дейін төлеуге міндетті.

Бағалы қағаздардың салығы

Бағалы қағаздардың құн өсімінен алынатын табыс оларды өткізу кезінде әрбір операция бойынша айқындалады, кейіннен оң және теріс нәтижелерді жиынтықтау арқылы есептеледі.
"Жиынтық нәтиже оң мәнге ие болған жағдайда құн өсімінен табыс танылады, ал нөлдік немесе теріс мән болған кезде мүліктік табыс туындамайды", - деді салықшылар.
Бағалы қағаздар сатып алу күніне қарай хронологиялық тәртіппен есептен шығарылады. Брокерлік сыйақы бағалы қағаздардың бастапқы құнына енгізіледі және сол арқылы салық салынатын табысты азайтады.

Салықтық шегерімдердің алдын ала сомасы

Жеке тұлғалар 2025 жылдың табыс алығын есептеу кезінде өзге де салықтық шегерімдердің алдын ала сомасын қолдануға құқылы. Аталған сома медициналық қызметтерге, оқуға және ипотекалық қарыздар бойынша сыйақыны төлеуге байланысты жоспарланған шығыстарды қамтиды. Салықтық шегерімнің ең жоғары мөлшері - 282 АЕК (2026 жылда - 1 219 650 теңге). Салықтық шегерімді қолдану үшін салық агентіне (жұмыс берушіге) өтініш беру қажет. Сонымен қатар деларацияда көрсетіп, 15 қыркүйектен кешіктірмей төленуі шарт.

Көпбалалы отбасыларға арналған салықтық шегерім

Көпбалалы отбасылар үшін 282 АЕК мөлшерінде салықтық шегерім қарастырылған. Бұл жеңілдік 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 18 жасқа толмаған төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға беріледі. Салықтық шегерімнің мөлшері:
әрбір ата-анаға ай сайын 11,75 АЕК (50 794 теңге);
ата-ананың біреуіне ай сайын 23,5 АЕК (101 488 теңге).
Салық кодексі баспана бағасына әсер ете ме - Жұманғарин жауап берді  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2025
Салық кодексі баспана бағасына әсер ете ме - Жұманғарин жауап берді
Жаңалықтар
0