Еуразиялық экономикалық одаққа 2026 жылы Қазақстан төрағалық етеді

© Sputnik / Sputnik / Медиабанкке өтуЗаседание Евразийского межправительственного совета стран ЕАЭС
Заседание Евразийского межправительственного совета стран ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.01.2026
Жазылу
Бұған дейін одақтың төрағасы Беларусь болған
АСТАНА, 1 қаңтар - Sputnik. 2026 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалық етеді.
Бұған дейін одаққа Беларусь Республикасы төрағалық етті. Енді алдағы бес жылда Қазақстанның алдында мұнайға тәуелділікті азайтып, қайта өңдеу өнеркәсібін, технологияларды және ауыл шаруашылығын дамыта отырып, жалпы ішкі өнімді екі есеге арттыру міндеті тұр.
2029 жылға дейін құны 80 миллиард доллар болатын ұлттық инфрақұрылымдық жоспарға энергетика, көлік және цифрландыру кіреді. Барлығы 204 жоба.
Қазақстанның мұнай өңдеу саласын дамыту бойына 2025 - 2040 жылдарға арналған тұжырымдаманың ортақ элементтерінің бірі - қайта өңдеу қуатын екі еседен астам ұлғайту тұр. Яғни қайта өңдеу қуатын жылына 18-ден 39 миллион тоннаға дейін жеткізу. Бұған жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауытын кеңейту және жаңа мұнай-химия кешенін салу арқылы қол жеткізу жоспарланған.
Электр желілерін дамыту, сондай-ақ транзиттік сауда және Еуропа мен Қытай арасындағы стратегиялық жағдайды тиімді пайдалану үшін автомобиль және теміржол желілерін дамыту жоспарланған. Болжам бойынша, инфрақұрылымды дамытудың ұлттық жоспары аясында 150 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
Сондай-ақ Қазақстан сауда кедергілерін жою және экономикалық өсуді ынталандыру үшін Орталық Азияның басқа елдерімен өңірлік ынтымақтастықты нығайтатын болады.
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.12.2025
Еуразия даму банкі ЕАЭО елдерінің экономикасы тұрақты өсіп жатқанын мәлімдеді
Жаңалықтар
0