https://sputnik.kz/20251224/euraziya-damu-banki-eaeo-elderinin-ekonomikasy-turaqty-osip-zhatqanyn-malimdedi-59883239.html
Еуразия даму банкі ЕАЭО елдерінің экономикасы тұрақты өсіп жатқанын мәлімдеді
Еуразия даму банкі ЕАЭО елдерінің экономикасы тұрақты өсіп жатқанын мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Қазақстанда мұнай өндіру көлемі бір жылда14,1%-ға өсті 24.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-24T14:54+0500
2025-12-24T14:54+0500
2025-12-24T14:54+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379629_0:61:1400:849_1920x0_80_0_0_4adb35cf617af745e47ce0ada7d2d2a2.jpg
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Еуразия даму банкі (ЕАДБ) 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан экономикасының 6,4% деңгейінде өскенін хабарлады.Апталық макроэкономикалық шолуда банк экономиканы әртараптандыруға бағытталған шаралардың арқасында өңдеу өнеркәсібі (5,9%), көлік секторы (20,3%) және құрылыс саласы (14,7%) жоғары өсім көрсеткенін атап өтті.Үкіметтің қолдау шараларының нәтижесінде ауыл шаруашылығы да 6,1% өстіЕАЭО елдеріндегі инфляцияға келсек, мысалы, Ресейде қыркүйек-қараша айларында тұрақты орташа айлық инфляция жылдық мәнде 4,4%-ды құрады. Сонымен қатар инфляциялық тәуекелдер сақталған. Қосылған құн салығы мөлшерлемесін арттыру қарсаңында халық арасында инфляцияның өсуіне қатысты бағалау желтоқсан айында 13,7%-ға жетті, бұл қарашадағы көрсеткіштен жоғары (13,1%).Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елдері бойынша да экономикалық деректер келтірілді. Мысалы, Қырғызстанда 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында ЖІӨ 10,2%-ға өсті.Инвестициялық және тұтынушылық сұраныстың жоғары деңгейі экономикалық өсімнің негізгі тірегі болып қала береді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18,1%-ға, ал бөлшек сауда 9,5%-ға артты.Беларусьте 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында ЖІӨ 1,3%-ға өсті. ЕАДБ мәліметінше экономика тұтынушылық және инвестициялық белсенділік есебінен өсімін сақтап отыр. Бөлшек тауар айналымы 7,1%-ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 11,8%-ға артты. Сарапшылар 2026 жылы үкімет жоспарлаған 600 жобаның іске асуына және Ресей экономикасы өсімінің жеделдеуіне байланысты Беларусь ЖІӨ-і 1,8%-ға өседі болжайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1d/35379629_94:0:1306:909_1920x0_80_0_0_b5f210999a729a0779cdcac807f8100e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Еуразия даму банкі ЕАЭО елдерінің экономикасы тұрақты өсіп жатқанын мәлімдеді
Қазақстанда мұнай өндіру көлемі бір жылда14,1%-ға өсті
АСТАНА, 24 желтоқсан – Sputnik. Еуразия даму банкі (ЕАДБ) 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан экономикасының 6,4% деңгейінде өскенін хабарлады.
Апталық макроэкономикалық шолуда банк экономиканы әртараптандыруға бағытталған шаралардың арқасында өңдеу өнеркәсібі (5,9%), көлік секторы (20,3%) және құрылыс саласы (14,7%) жоғары өсім көрсеткенін атап өтті.
"Қосымша фактор ретінде Теңіз кен орнында жаңа қуаттардың іске қосылуы әсер етті: мұнай өндіру жылдық есеппен 14,1%-ға өсті – 2025 жылға арналған мұнай экспорты жоспары қазірдің өзінде орындалды", – деп хабарлады банк сарапшылары.
Үкіметтің қолдау шараларының нәтижесінде ауыл шаруашылығы да 6,1% өсті
"2026 жылы 5,5% деңгейінде тұрақты өсім болады деп болжап отырмыз", – дейді сарапшылар.
ЕАЭО елдеріндегі инфляцияға келсек, мысалы, Ресейде қыркүйек-қараша айларында тұрақты орташа айлық инфляция жылдық мәнде 4,4%-ды құрады. Сонымен қатар инфляциялық тәуекелдер сақталған. Қосылған құн салығы мөлшерлемесін арттыру қарсаңында халық арасында инфляцияның өсуіне қатысты бағалау желтоқсан айында 13,7%-ға жетті, бұл қарашадағы көрсеткіштен жоғары (13,1%).
"Инфляцияны тұрақты түрде баяулату үшін қатаң ақша-несие саясатын реттеуші орган әрі қарай да сақтайды деп есептейміз. Сондықтан негізгі мөлшерлеме 2026 жылдың екінші тоқсанына дейін 16% деңгейінде қалады деп болжап отырмыз", – деп атап өтті ЕАДБ.
Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елдері бойынша да экономикалық деректер келтірілді. Мысалы, Қырғызстанда 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында ЖІӨ 10,2%-ға өсті.
Инвестициялық және тұтынушылық сұраныстың жоғары деңгейі экономикалық өсімнің негізгі тірегі болып қала береді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 18,1%-ға, ал бөлшек сауда 9,5%-ға артты.
"Инвестициялық белсенділік келесі жылы да экономиканың басты қозғаушы күші болады. Сондықтан 2026 жылы ЖІӨ өсімі 9,3% деңгейінде болады деп болжап отырмыз", – деп жазды сарапшылар.
Беларусьте 2025 жылдың қаңтар-қараша айларында ЖІӨ 1,3%-ға өсті. ЕАДБ мәліметінше экономика тұтынушылық және инвестициялық белсенділік есебінен өсімін сақтап отыр. Бөлшек тауар айналымы 7,1%-ға, негізгі капиталға салынған инвестициялар 11,8%-ға артты. Сарапшылар 2026 жылы үкімет жоспарлаған 600 жобаның іске асуына және Ресей экономикасы өсімінің жеделдеуіне байланысты Беларусь ЖІӨ-і 1,8%-ға өседі болжайды.