Астанадағы көктайғақ: 572 адам жарақат алған

© Sputnik / Владислав ВодневГололед, прохожий, пешеход
Гололед, прохожий, пешеход - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.12.2025
Жазылу
Астанада жаңбыр жауып, тұрғындарды біраз әбігерге салды
АСТАНА, 31 желтоқсан - Sputnik. Астанада бір тәулікте 572 адам дәрігер көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы.
30 желтоқсанда травматологиялық пункттерге бір тәулікте жүгінген адам саны бес жүзден асқан.
"Барлығы 572 адам медициналық көмекке жүгінді, оның 419-ы көшеде жарақат алды", - дейді денсаулық сақтау басқармасы
Әдетте 150-ден 170-ке дейін болатын орташа тәуліктік көрсеткіштермен салыстырғанда көше жарақатының өсуі тіркелген.
Айта кетері, 30 желтоқсанға қараған түні жаңбыр жауып, көктайғақ болды. Ауа райының қолайсыздығы тұрғындарды әбігерге салды. Тас жолдар жабылып, әуе рейстері кешіктірілді, жол апаттарыны саны өсті.
Ноябрьский снегопад в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.12.2025
Қарағанды облысында полиция 2 мың көлікке жол бастап жүрді
Жаңалықтар
0