https://sputnik.kz/20251230/qaragandy-oblysynda-politsiya-2-myn-kolikke-zhol-bastap-zhurdi-60037705.html
Қарағанды облысында полиция 2 мың көлікке жол бастап жүрді
Қарағанды облысында полиция 2 мың көлікке жол бастап жүрді
Sputnik Қазақстан
80 экипаж бен 160 полиция қызметкері тәулік бойы қызмет атқарып жатыр 30.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-30T13:38+0500
2025-12-30T13:38+0500
2025-12-30T14:14+0500
қарағанды облысы
көктайғақ
ауа райы
полиция
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0c/15454205_130:0:3771:2048_1920x0_80_0_0_5e066e56c57afd9b871a6bf1961b6bf6.jpg
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда барлық бағытта қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальонының жеке құрамы күшейтілген қызмет режиміне ауыстырылды.Қазіргі уақытта облыс трассаларында 80 экипаж және 160 полиция қызметкері жұмылдырылып, жол жағдайын тәулік бойы бақылауда ұстап отыр.Бүгін таңертеңнен бастап полицияның ілесіп жүруімен:Қарағанды облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов облыс тұрғындары мен қонақтарын қозғалысқа енгізілген уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.Полиция қолайсыз ауа райы жағдайында жүргізушілерге алыс сапардан бас тартуға, жол белгілері мен белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға, қауіпсіз арақашықтықты ұстануға, сондай-ақ маршрутты жоспарлау барысында күрделі метеорологиялық жағдайды ескеруге кеңес берді.Төтенше жағдай туындаған жағдайда полиция қызметкерлерінен жедел көмек сұрау қажет.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0c/15454205_585:0:3316:2048_1920x0_80_0_0_afae826501141ad22ff5ed6d6270dba7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, көктайғақ, ауа райы, полиция
қарағанды облысы, көктайғақ, ауа райы, полиция
Қарағанды облысында полиция 2 мың көлікке жол бастап жүрді
13:38 30.12.2025 (жаңартылды: 14:14 30.12.2025) 80 экипаж бен 160 полиция қызметкері тәулік бойы қызмет атқарып жатыр
АСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда барлық бағытта қозғалыс уақытша шектелді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында патрульдік полиция батальонының жеке құрамы күшейтілген қызмет режиміне ауыстырылды.
Қазіргі уақытта облыс трассаларында 80 экипаж және 160 полиция қызметкері жұмылдырылып, жол жағдайын тәулік бойы бақылауда ұстап отыр.
Бүгін таңертеңнен бастап полицияның ілесіп жүруімен:
Қарағанды – Теміртау бағыты бойынша – 500 автокөлік,
Теміртау – Қарағанды бағыты бойынша – 300 автокөлік,
Ақмола облысының шекарасына дейін – 1200 автокөлік қауіпсіз өткізілді.
Қарағанды облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов облыс тұрғындары мен қонақтарын қозғалысқа енгізілген уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.
Полиция қолайсыз ауа райы жағдайында жүргізушілерге алыс сапардан бас тартуға, жол белгілері мен белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға, қауіпсіз арақашықтықты ұстануға, сондай-ақ маршрутты жоспарлау барысында күрделі метеорологиялық жағдайды ескеруге кеңес берді.
Төтенше жағдай туындаған жағдайда полиция қызметкерлерінен жедел көмек сұрау қажет.